Воскресенье, 24 ноября, 2024
ЖаңалықтарӨңірлерКөкшетауАқмола облысында 30-ға жуық проблемалық сумен жабдықтау нысаны анықталды

Ақмола облысында 30-ға жуық проблемалық сумен жабдықтау нысаны анықталды

Сондай-ақ, оқыңыз...

Ақмола облысының Сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызметінің бастамасымен өңір әкімі Ермек Маржықпаевтың төрағалығымен прокуратураның, басқа да мүдделі мемлекеттік органдар мен ұйымдардың қатысуымен сумен жабдықтау мәселелері бойынша кеңес өтті.

Сөз сөйлеу барысында Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл департаментінің басшысы Арман Рахимов сыбайлас жемқорлыққа қарсы мониторинг қорытындысы бойынша анықталған сумен жабдықтау саласындағы бірқатар проблемалық мәселелерді айтты.

Айта кетейік, сумен жабдықтау және су бұру инфрақұрылымы халықты толғандыратын салалардың бірі ретінде облыстың сыбайлас жемқорлық тәуекелдерінің картасына енгізілген. Сумен жабдықтау проблемалары облыстың көптеген аймақтарында бар, барлығы 30-ға жуық проблемалық нысандар анықталды.

Мониторинг белгілегендей, жекелеген мердігерлік ұйымдар сумен жабдықтау объектілерін салу және реконструкциялау жөніндегі өз міндеттемелерін тиісті түрде орындамайды. Бұл ретте тапсырыс берушілер жобаларды уақтылы және сапалы орындау жөнінде шаралар қабылдамайды. Мысалы, компаниялардың бірі облыстың 6 ауданында 2 млрд теңгеден астам сомаға шарт жасасты. Алайда, іс жүзінде барлық шарттар бойынша кестелердің артта қалуына немесе сапасыз жұмыстарға байланысты жұмыстарды орындау мерзімі ұзартылды. Сонымен қатар, мердігердің қажетті материалдық-техникалық базасы мен білікті мамандары жоқ екені анықталды.

Спикер, мердігерлер ЖСҚ-ның кемшіліктері мен қате есептеулері туралы біле тұра, мемлекеттік сатып алу туралы шарттар жасасып, одан кейін материалдар мен жұмыстардың қымбаттауына сілтеме жасай отырып, жобаны түзетуді ұсынатын және сол арқылы өз жұмыстарының мерзімдерін ұзартатын осындай тәжірибеге жеке тоқталды. Нәтижесінде барлық тәуекелдер мен қымбаттаулар бюджет қаражаты есебінен өтеледі, ал мердігерлер объектілердің берілуін жылдар бойы кешіктіреді. Соның кесірінен аймақ халқы зардап шегеді.

«Бүгін айтылған проблемалық объектілер әлі пайдалануға берілмегендіктен, олар бойынша қолданыстағы заңнама шеңберінде шұғыл шаралар қабылдау қажет. Әйтпесе, лауазымды тұлғалар мен жосықсыз мердігерлер жауапкершілікке тартылатын болады», — деді Арман Рахимов.

Облыс әкімі Ермек Маржықпаев мемлекеттік органдар мен мердігерлік ұйымдардың есептерін тыңдап, жобаларды уақтылы және сапалы аяқтау мәселелерін ерекше бақылауға алуды тапсырды.

«Өздеріңіз білетіндей, Мемлекет басшысы 2025 жылға қарай қалалар мен ауылдарды 100% таза ауыз сумен қамтамасыз етуді тапсырды. Сондықтан, бізді облыстың елді мекендерін сумен жабдықтау мәселесін шешу бойынша үлкен жұмыс күтіп тұр, өйткені бұл тұрғындардың өмір сүру сапасының маңызды көрсеткіштерінің бірі болып табылады», — деп қорытындылады өңір басшысы.

spot_img
- Жарнама -Newspaper WordPress Theme

Соңғы жаңалықтар

Ақмола облысы цифрландыру және архивтер басқармасының басшысы тағайындалды

Ақмола облысы әкімінің өкімімен Мағжан Қайратұлы Ержан Ақмола облысы цифрландыру және архивтер басқармасының басшысы болып тағайындалды. Мағжан Қайратұлы Еуразия технологиялық университетін, Қазақ Еңбек және әлеуметтік қатынастар...

Ақмолада Мемлекеттік бюджетті атқару кезінде жемқорлық тәуекелдері бойынша бухгалтерлерге арналған семинар өткізілді

Сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызметтің Ақмола облысы бойынша департаментімен бюджеттік бағдарламалардың әкімшілері, білім беру және спорт саласындағы ұйымдардың бухгалтерлері үшін мемлекеттік бюджетті атқару кезіндегі сыбайлас...

296 фермердің 618 млн. теңгеден астам сомаға субсидия алу құқығы қалпына келтірілді

ҚР Мемлекеттік қызмет істері агенттігінің Ақмола облысы бойынша департаменті қызмет берушінің кінәсінен «Саны зияндылықтың экономикалық шегінен жоғары зиянды және аса қауіпті зиянды организмдерге және...

Көкшетауда Тұрлыхожа Базаровтың 75 жылдығына арналған шығармашылық кеш өтті

1 қараша күні Үкілі Ыбырай атындағы Ақмола облыстық филармониясында «Құрмет» ордені мен «Ерен еңбегі үшін» медалінің иегері Тұрлыхожа Базаровтың 75 жылдығына арналған «Күмбірлеткен кеудемді...

Ақмола облысында қызметтік автокөлікті қызметтік емес мақсатта пайдаланудың 21 фактісі анықталды

ҚР Мемлекеттік қызмет істері агенттігінің Ақмола облысы бойынша департаментімен орталық мемлекеттік органдардың аумақтық бөлімшелері мен жергілікті атқарушы органдардың қызметтік автокөлікті жеке мақсатта пайдалануға тыйым...