Қазақстан Республикасы Мемлекеттік қызмет істері агенттігінің Ақмола облысы бойынша департаменті субъектіге (объектіге) барумен жүргізілетін профилактикалық бақылау шараларын аяқтады.
Қазақстан Республикасы Мемлекеттік қызмет істері агенттігі Төрағасының бұйрығына сәйкес Департамент он мемлекеттік органның қызметінде субъектіге (объектіге) барумен профилактикалық бақылау жүргізді, олардың қорытындысы бойынша 500-ден астам мемлекеттік қызмет саласындағы заңнаманы бұзу фактілері анықталды, 33 мемлекеттік қызметшінің құқықтары қалпына келтірілді.
Осылайша анықталған бұзушылықтарды жою туралы енгізілген нұсқамалар негізінде қызметкерлерді тәртіптік жауапкершілікке тарту туралы басшылардың заңсыз шығарған 18 актісі жойылды. Бұл ретте, көп жағдайда қызметшілер қызметтік тергеу жүргізбестен және тәртіптік комиссияның ұсынымынсыз немесе түсініктеме талап етпестен ақылға қонымды теріс қылықпен келіспеген кезде тәртіптік жауаптылыққа тартылған.
Бұдан басқа, қызметшілерді тиісті актіні қабылдаусыз үстеме жұмысқа тарту фактілері анықталды, осыған байланысты Департаменттің араласуынан соң 15 қызметкерге демалыс күндері (сағаттары) берілді.
Сондай-ақ, конкурстық рәсімдерді өткізу тәртібінің бұзылуына және тағайындалған кандидаттардың бекітілген біліктілік талаптарына сәйкес келмеуіне байланысты 2 адам атқаратын лауазымдарынан босатылғанын атап өткен жөн.