spot_img
spot_img
7.7 C
Kokshetau
ЖаңалықтарОқиғаҚылмысАқмола облысында 4 әскери-далалық шатырды ұрлаған адам ұсталды

Ақмола облысында 4 әскери-далалық шатырды ұрлаған адам ұсталды

-Жарнама -spot_img

Ағымдағы жылдың 26 сәуірінде Шортанды ауданының полиция бөліміне Нұр-Сұлтан қаласының тұрғыны ұрлық туралы өтінішпен жүгінді.

Азаматша 22-26 сәуір аралығында ауылдардың бірінің құрылыс алаңынан белгісіз біреулер оған тиесілі контейнердің құлпын бұзып, 4 дала шатырын ұрлап әкеткенін хабарлады.

Шығын сомасы 8 млн.500 мың теңгені құрады. Зардап шегушінің сөзінше, 5х7 метр жаңа шатырлар демалушыларды уақытша орналастыру үшін базаға орнатуға арналған және әрқайсысының салмағы 700 келіге дейін жетеді.

Жедел-іздестіру шаралары барысында күдікті анықталды. Ол Астрахан ауданының 34 жастағы тұрғыны болып шықты.

Заттай айғақ ретінде ұрланған шатырлар тәркіленді. Ұрлық фактісі бойынша тергеу бөлімі ҚР ҚК 188-бабының 4-бөлігіне сәйкес сотқа дейінгі тергеуді бастады.

Ақмола облысы ПД баспасөз қызметі.

- Жарнама -spot_img
- Жарнама -spot_img
Байланысты бол
16,985ФанаттарМаған ұнайды
2,458ОқырмандарОқу
61,453ЖазылушыларЖазылу
Сондай-ақ...оқыңыз
- Жарнама -spot_img
Соңғы жаңалықтар
- Жарнама -spot_img