Четверг, 21 ноября, 2024
ЖаңалықтарҚоғамМемлекеттік қызметАқмола облысында 54 мемлекеттік қызметші әлеуметтік қолдау шараларымен қамтылды

Ақмола облысында 54 мемлекеттік қызметші әлеуметтік қолдау шараларымен қамтылды

Сондай-ақ, оқыңыз...

Бүгінгі таңда әлеуметтік қолдау шараларын көрсету аудандық және ауылдық жерлерге жас мамандарды тартудың тиімді құралы болып қала береді. Ауылдық жерге жұмыс істеуге және тұруға келген мемлекеттік қызметшілерге көтерме жәрдемақы және тұрғын үй сатып алуға немесе салуға бюджеттік кредит түрінде әлеуметтік қолдау шаралары көрсетіледі.

Заңнамаға сәйкес көтерме жәрдемақы 100 айлық есептік көрсеткішке тең сомада, ал тұрғын үй сатып алу немесе салу үшін әлеуметтік қолдау, яғни бюджеттік кредит ауданның әкімшілік орталығы болып табылатын ауылдық елді мекендерге келген мамандар үшін 2500 айлық есептік көрсеткіш мөлшерінен аспайтын сомада, ал ауылдық елді мекендерге келген мамандар үшін 2000 айлық есептік көрсеткіштен аспайтын сомада айқындалған.

Әлеуметтік қолдаудың қосымша шаралары басшылық лауазымдарды атқаратын адамдарға қолданылмайтынын атап өткен жөн. Бұл шаралар E-G-3, E-G-4 санаттарындағы мемлекеттік қызметтің бас және жетекші мамандары үшін қарастырылған.

Ақмола облысы экономика және бюджеттік жоспарлау басқармасының мәліметіне сәйкес сәйкестендірілген заңнамалық норма бекітілген уақыттан бері Ақмола облысында 54 мемлекеттік қызметшіге әлеуметтік қолдау шаралары көрсетілді. Атап айтқанда, тұрғын үй салу немесе сатып алу үшін 15 мемлекеттік қызметшіге 71 388 000 теңге мөлшерінде бюджеттік кредит, 48 мемлекеттік қызметшіге 15 944 000 теңге мөлшерінде көтерме жәрдемақы төленді.

Сонымен қоса, ҚР Мемлекеттік қызмет істері агенттігінің Ақмола облысы бойынша департаментінің басшысы Думан Әбілев атап өткендей, мемлекеттік қызмет саласындағы заңмен мемлекеттік қызметшілерді «Тұрғын үй қатынастары туралы» Қазақстан Республикасының Заңында және өзге де заңнамада айқындалатын тәртiппен тұрғын үймен қамтамасыз ету, тұрғынжай жағдайларын жақсартуға мұқтаж қызметшілерге жеке тұрғын үй құрылысы үшін жер учаскелерін беру, белгіленген тәртіппен мемлекеттік денсаулық мекемелерінде медициналық қызмет көрсетуді пайдалану мүмкіндіктері көзделген.

Оған қоса, мемлекеттік қызметшілерге мемлекеттік органның штат кестесі қысқарған, таратылған жағдайда жұмыстан шығу жәрдемақысын төлеу,  қайта ұйымдастырылған жағдайда функциялары берілген басқа мемлекеттік органнан бұрынғы атқарған лауазымымен мәні бірдей лауазым, болмаған жағдайда өзге мемлекеттік лауазым ұсыну  қарастырылған.

ҚР Мемлекеттік қызмет істері агенттігінің Ақмола облысы бойынша департаменті

spot_img
- Жарнама -Newspaper WordPress Theme

Соңғы жаңалықтар

Ақмола облысы цифрландыру және архивтер басқармасының басшысы тағайындалды

Ақмола облысы әкімінің өкімімен Мағжан Қайратұлы Ержан Ақмола облысы цифрландыру және архивтер басқармасының басшысы болып тағайындалды. Мағжан Қайратұлы Еуразия технологиялық университетін, Қазақ Еңбек және әлеуметтік қатынастар...

Ақмолада Мемлекеттік бюджетті атқару кезінде жемқорлық тәуекелдері бойынша бухгалтерлерге арналған семинар өткізілді

Сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызметтің Ақмола облысы бойынша департаментімен бюджеттік бағдарламалардың әкімшілері, білім беру және спорт саласындағы ұйымдардың бухгалтерлері үшін мемлекеттік бюджетті атқару кезіндегі сыбайлас...

296 фермердің 618 млн. теңгеден астам сомаға субсидия алу құқығы қалпына келтірілді

ҚР Мемлекеттік қызмет істері агенттігінің Ақмола облысы бойынша департаменті қызмет берушінің кінәсінен «Саны зияндылықтың экономикалық шегінен жоғары зиянды және аса қауіпті зиянды организмдерге және...

Көкшетауда Тұрлыхожа Базаровтың 75 жылдығына арналған шығармашылық кеш өтті

1 қараша күні Үкілі Ыбырай атындағы Ақмола облыстық филармониясында «Құрмет» ордені мен «Ерен еңбегі үшін» медалінің иегері Тұрлыхожа Базаровтың 75 жылдығына арналған «Күмбірлеткен кеудемді...

Ақмола облысында қызметтік автокөлікті қызметтік емес мақсатта пайдаланудың 21 фактісі анықталды

ҚР Мемлекеттік қызмет істері агенттігінің Ақмола облысы бойынша департаментімен орталық мемлекеттік органдардың аумақтық бөлімшелері мен жергілікті атқарушы органдардың қызметтік автокөлікті жеке мақсатта пайдалануға тыйым...