Вторник, 14 января, 2025
ЖаңалықтарЭкономикаАқмола облысында АӨК субсидиялау саласын дамытудың негізгі үрдістері тікелей эфирде талқыланды

Ақмола облысында АӨК субсидиялау саласын дамытудың негізгі үрдістері тікелей эфирде талқыланды

Сондай-ақ, оқыңыз...

«Antikor.Live» жобасы аясында Ақмола облысы бойынша Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл департаментінің әлеуметтік желілердегі кезекті тікелей эфирінде «Қоғамдық келісім» мекемесінің басшысы, ауыл шаруашылығын субсидиялау саласында кешенді талдау жүргізу жөніндегі өңірлік жұмыс тобының өкілі Ермек Нұғманов ауыл шаруашылығын дамытудың негізгі үрдістері туралы өз пікірімен бөлісті.

Мемлекет басшысының тапсырмасы бойынша Сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызмет агроөнеркәсіптік кешендегі субсидиялау саласын ауқымды талдау жүргізуді бастайтыны белгілі, оның мақсаты — субсидиялар берудің ашық жүйесін қамтамасыз ету. Осыған байланысты Агенттік барлық мүдделі азаматтарды ынтымақтастыққа және қатысуға шақырады.

Тікелей эфир барысында бұрын бірнеше аудан әкімі қызметін атқарған және ауыл шаруашылығы саласында жұмыс істеген Ермек Нұғманов субсидиялардың қағидалары мен талаптарына қатысты айтып, бағаны тұрақтандыру мәселесіне тоқталды.

Бұрынғы совхоздардың, ұжымдық ұйымдардың орнына шаруа қожалықтары мен серіктестіктер пайда болғанын айта келе, спикер қазір ауыл шаруашылығы алқаптарын, мал шаруашылығын, көкөніс шаруашылығын дамытуға көп көңіл бөлу қажеттігін атап өтті. Сонымен қатар, ол ауыл шаруашылығы саласындағы кемшіліктер мен қол жеткізілген нәтижелерді белгілей отырып, бүгінгі таңда бөлінген субсидиялар бойынша ауқымды сараптама жүргізу қажеттігін қолдады.

Спикердің пікірінше, ауыл шаруашылығы тауарын өндірушілер зардап шекпеуі үшін субсидия беру ережелерін анықтайтын нақты шарттарды белгілеу қажет. Сондай-ақ, мал шаруашылығында субсидия алу талаптарын да қайта қарау қажет.

Ермек Нұғыманов атап өткендей, қазір мемлекет ауыл шаруашылығының арнайы институттарын, қаржылық қолдау қорларын құруға ерекше көңіл бөледі, соның арқасында аграрлық сектор заманауи жабдықтармен жарақтандырылады. Мал шаруашылығы саласында «Сыбаға», «Алтын асық» мемлекеттік бағдарламалары жүзеге асырылуда.

Сонымен қатар, спикер соңғы бірнеше жылда көптеген өзгерістер болғанын атап өтті. Субсидия беру мемлекеттік қызметтердің бір түрі болды. Оның өз регламенттер мен ережелері бар. Қазір азаматтар субсидияларды электронды форматта алады. Сондықтан, цифрлық технологиялардың арқасында сыбайлас жемқорлық тәуекелдері төмендейді. Ең бастысы, ережелерде жиі өзгерістер болмауы қерек, осы орайда, тәуекелдерді талдау өте орынды.

Ақмола облысының Сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызметі АӨК-де субсидиялау саласында азаматтардың пікірлері мен ұсыныстарын алу үшін taldau@antikor.gov.kz электрондық поштасы, сондай-ақ +7 778 668 99 20 WhatsApp нөмірі жұмыс істейтінін еске салады.

spot_img
- Жарнама -Newspaper WordPress Theme

Соңғы жаңалықтар

Жайлылық пен сапа: Ақмола облысында заманауи жатақханалар ашылуда

Жыл басында  өңірде студенттер үшін жаңа заманауи жатақханалар пайдалануға беріледі. Бұл  оларды жайлы баспанамен қамтамасыз етудегі маңызды қадам  болмақ. Жаңа жатақхана студенттердің тұрғын үй...

Мемлекеттік қызметтерді көрсету саласында 15 мыңға жуық құқық бұзушылық анықталды

Бүгін Өңірлік коммуникациялар қызметі алаңында ҚР Мемлекеттік қызмет істері агенттігінің Ақмола облысы бойынша департаментінің басшысы Думан Әбілевтің қатысуымен Департаменттің 2024 жылғы қызметінің қорытындысы бойынша...

Ақмола облысында мемлекеттік қызметтегі басшы әйелдердің үлесі 43,4% құрайды

ҚР Мемлекеттік қызмет істері агенттігінің Ақмола облысы бойынша департаменті 2024 жылғы қызметін қорытындылады. Бұл туралы Департамент басшысы Думан Әбілев Өңірлік коммуникациялар қызметі алаңында өткен...

Онлайн режимде мемлекеттік қызметке іріктеу бойынша 1683 конкурс өтті

ҚР Мемлекеттік қызмет істері агенттігінің Ақмола облысы бойынша департаментінің басшысы Думан Әбілев Өңірлік коммуникациялар қызметінің алаңында өткен брифинг барысында eqyzmet.gov.kz жүйесінде мемлекеттік қызметке іріктеу...

Ақмола облысында 528 мемлекеттік қызметшінің құқығы қорғалды

Бұл туралы бүгін Өңірлік коммуникациялар қызметі алаңында өткен брифинг барысында ҚР Мемлекеттік қызмет істері агенттігінің Ақмола облысы бойынша департаментінің басшысы Думан Әбілев мәлімдеді. Спикердің айтуынша...