Вторник, 14 января, 2025
ЖаңалықтарҚоғамАқмола облысында антикор азаматтық қорғау академиясының өз қатарында сыбайлас жемқорлықтың алдын алуды...

Ақмола облысында антикор азаматтық қорғау академиясының өз қатарында сыбайлас жемқорлықтың алдын алуды күшейтуге шақырды

Сондай-ақ, оқыңыз...

Сыбайлас жемқорлықтың себептері мен жағдайларын жою мақсатында Ақмола облысы бойынша Сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызмет басшылығының және Мәлік Ғабдуллин атындағы Азаматтық қорғау академиясының жеке құрамының қатысуымен онлайн-кездесу өтті.

Кездесуді өткізуге ҚР ҚПК 200-бабының негізінде енгізілген жоғары оқу орны бөлімшелерінің бірінің лауазымды адамына және басқа да адамдарға қатысты билік пен лауазымдық өкілеттіктерді асыра пайдалану фактісі бойынша қылмыстық іс шеңберінде ұсыныс себеп болды.

Қайталанған құқық бұзушылықтарға жол бермеу мақсатында облыстық Антикор Академия басшылығына бағыныштылардың қызметіне тиісті бақылауды қамтамасыз етуді, сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл саласындағы заңнаманы түсіндіру және ұжымда этикалық нормаларды сақтау бойынша іс-шараларды жүйелі негізде жүргізуді ұсынды.

Кездесу барысында облыстық Сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызмет басшысы Арман Рахимов сыбайлас жемқорлыққа қарсы саясаттың басым бағыттарын, сондай-ақ сыбайлас жемқорлыққа қарсы маңызды заңнамалық өзгерістерді түсіндіріп, сыбайлас жемқорлық құқық бұзушылықтар үшін жауапкершіліктің күшейтілгенін атап өтті. Сыбайлас жемқорлық фактілері туралы хабарлағаны үшін адамдарды көтермелеудің сараланған жүйесіне ерекше назар аударылды.

«Әрбір өрт сөндіруші-құтқарушы, ең алдымен, кәсіби ғана емес, моральдық-адамгершілік қасиеттерге де ие болуы тиіс. Жыл сайын азаматтық қорғау Академиясына мыңдаған жас адамдар – болашақ құтқарушылар келіп түседі, өз кезегінде тәлімгерлер курсанттарды кәсіби тәжірибе жинақтаудан басқа, қызметтік борышын әділ және адал орындауға үйретуі тиіс. Сондықтан кез келген құқық бұзушылықтың алдын алып, жеке құрам арасында тәртіп пен заңдылықты нығайту қажет», — деп қорытындылады Арман Рахимов.

spot_img
- Жарнама -Newspaper WordPress Theme

Соңғы жаңалықтар

Жайлылық пен сапа: Ақмола облысында заманауи жатақханалар ашылуда

Жыл басында  өңірде студенттер үшін жаңа заманауи жатақханалар пайдалануға беріледі. Бұл  оларды жайлы баспанамен қамтамасыз етудегі маңызды қадам  болмақ. Жаңа жатақхана студенттердің тұрғын үй...

Мемлекеттік қызметтерді көрсету саласында 15 мыңға жуық құқық бұзушылық анықталды

Бүгін Өңірлік коммуникациялар қызметі алаңында ҚР Мемлекеттік қызмет істері агенттігінің Ақмола облысы бойынша департаментінің басшысы Думан Әбілевтің қатысуымен Департаменттің 2024 жылғы қызметінің қорытындысы бойынша...

Ақмола облысында мемлекеттік қызметтегі басшы әйелдердің үлесі 43,4% құрайды

ҚР Мемлекеттік қызмет істері агенттігінің Ақмола облысы бойынша департаменті 2024 жылғы қызметін қорытындылады. Бұл туралы Департамент басшысы Думан Әбілев Өңірлік коммуникациялар қызметі алаңында өткен...

Онлайн режимде мемлекеттік қызметке іріктеу бойынша 1683 конкурс өтті

ҚР Мемлекеттік қызмет істері агенттігінің Ақмола облысы бойынша департаментінің басшысы Думан Әбілев Өңірлік коммуникациялар қызметінің алаңында өткен брифинг барысында eqyzmet.gov.kz жүйесінде мемлекеттік қызметке іріктеу...

Ақмола облысында 528 мемлекеттік қызметшінің құқығы қорғалды

Бұл туралы бүгін Өңірлік коммуникациялар қызметі алаңында өткен брифинг барысында ҚР Мемлекеттік қызмет істері агенттігінің Ақмола облысы бойынша департаментінің басшысы Думан Әбілев мәлімдеді. Спикердің айтуынша...