Пятница, 17 января, 2025
ЖаңалықтарЭкономикаАқмола облысында ашық бюджеттердің интерактивті картасы арқылы 5 млн теңгеден астам қаражат...

Ақмола облысында ашық бюджеттердің интерактивті картасы арқылы 5 млн теңгеден астам қаражат үнемделді

Сондай-ақ, оқыңыз...

Ақмола облысы бойынша Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл департаменті ағымдағы жылдың 11 қыркүйегінен бастап бюджетті қалыптастыру мен жұмсауға қоғамның хабардарлығын арттыру арқылы мемлекеттік басқаруға азаматтық қатысуға жәрдемдесу мақсатында «Ашық бюджет» жобасын іске асыруда.

Осы жоба шеңберінде Департамент қызметкерлері «Ақмола — адалдық алаңы» жобалық кеңсесінің өкілдерімен бірлесіп, Ашық бюджеттердің интерактивті картасы арқылы бюджет қаражатын тиімді және мақсатты пайдалануға мониторинг жүргізді. Қазіргі таңда Интерактивті картаның порталында өңір ұйымдарының 2550-ден астам бюджеті орналастырылған.

Мониторинг қорытындысы бойынша Ақмола облысы аудандарының бірінің мемлекеттік мекемесі бюджеттік бағдарламасының әкімшісі ерлер мен әйелдер күрткелерін жалпы сомасы 6 950 000 теңгеге бір данасын 50 000 теңгеден сатып алуды жоспарлағаны анықталды.

Алайда, киім нарығын және басқа ұйымдардың мемлекеттік сатып алу жоспарларын талдау барысында ұқсас күрткелерінің орташа бағасы бір күртке үшін 11-ден 16 мың теңгеге құрайтыны анықталды.

Тапсырыс берушіге жоспарланған тауарларға оңтайлы бағаларды қайта қарау және орнату туралы ұсыныс хат жіберілді. Департаменттің ұсынысынан кейін мекеме мемлекеттік сатып алу бағасын төмендетті. Нәтижесінде бюджет қаражатының жалпы үнемделуі 5 000 000​ астам теңгені құрады.

Айта кетейік, Интерактивті карта арқылы әрбір тұрғын әлеуметтік нысандарды жөндеуге және ұстауға бөлінген бюджет қаражатын бақылай алады. Ол үшін Publicbudget.kz порталына кіру жеткілікті. Бұдан басқа, «Ашық бюджет» жобасы аясында халықтың қаржылық сауаттылығын арттыру мақсатында Департаменттің әлеуметтік желілердегі парақшаларында тікелей эфирлерде құзыретті мамандар азаматтарға тегін кеңестер береді.

spot_img
- Жарнама -Newspaper WordPress Theme

Соңғы жаңалықтар

Жайлылық пен сапа: Ақмола облысында заманауи жатақханалар ашылуда

Жыл басында  өңірде студенттер үшін жаңа заманауи жатақханалар пайдалануға беріледі. Бұл  оларды жайлы баспанамен қамтамасыз етудегі маңызды қадам  болмақ. Жаңа жатақхана студенттердің тұрғын үй...

Мемлекеттік қызметтерді көрсету саласында 15 мыңға жуық құқық бұзушылық анықталды

Бүгін Өңірлік коммуникациялар қызметі алаңында ҚР Мемлекеттік қызмет істері агенттігінің Ақмола облысы бойынша департаментінің басшысы Думан Әбілевтің қатысуымен Департаменттің 2024 жылғы қызметінің қорытындысы бойынша...

Ақмола облысында мемлекеттік қызметтегі басшы әйелдердің үлесі 43,4% құрайды

ҚР Мемлекеттік қызмет істері агенттігінің Ақмола облысы бойынша департаменті 2024 жылғы қызметін қорытындылады. Бұл туралы Департамент басшысы Думан Әбілев Өңірлік коммуникациялар қызметі алаңында өткен...

Онлайн режимде мемлекеттік қызметке іріктеу бойынша 1683 конкурс өтті

ҚР Мемлекеттік қызмет істері агенттігінің Ақмола облысы бойынша департаментінің басшысы Думан Әбілев Өңірлік коммуникациялар қызметінің алаңында өткен брифинг барысында eqyzmet.gov.kz жүйесінде мемлекеттік қызметке іріктеу...

Ақмола облысында 528 мемлекеттік қызметшінің құқығы қорғалды

Бұл туралы бүгін Өңірлік коммуникациялар қызметі алаңында өткен брифинг барысында ҚР Мемлекеттік қызмет істері агенттігінің Ақмола облысы бойынша департаментінің басшысы Думан Әбілев мәлімдеді. Спикердің айтуынша...