Сенбі, Шілде 27, 2024
15.2 C
Kokshetau
14 C
Nur-Sultan
24 C
Almaty
ЖаңалықтарОқиғаАқмола облысында ауруханадан шыққан әйелдің денесі орман алқабынан табылды

Ақмола облысында ауруханадан шыққан әйелдің денесі орман алқабынан табылды

Ақмола облысында ауруханадан шыққан әйелдің денесі орман алқабынан табылды, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі облыстық Полиция департаментінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

Ведомствоның мәліметінше, биылғы жылдың 6 қыркүйегінде Аршалы аудандық полиция бөліміне Ақкөл қаласының тұрғыны 31 жастағы әйелден 60 жастағы қайын енесін іздеуге көмек көрсету туралы өтініш түсті.

Әйелдің айтуынша, енесі қыркүйектің 6-да сағат 14:00 шамасында Аршалы аудандық ауруханасынан шығып, белгісіз бағытта кетіп қалған.

«Бұл факті сотқа дейінгі тергеудің бірыңғай тізілімінде тіркелді. Сотқа дейінгі тергеу барысында жоғалған келіні мен оның ұлынан жауап алынды. Ол анасының Шортанды ауданының Жолымбет ауылында інісімен бірге тұратынын түсіндірді. Биылғы жылдың 18 тамызында ол ауырып, Аршалы аудандық ауруханасына жіберілді. Әйел комаға түсті. Осы жылдың 25 тамызында өзіне келген әйел туыстарымен байланысқа шығып, олармен телефон арқылы сөйлесті. Ал, биылғы жылдың 3-ші қыркүйегінен бастап әйелдің ұялы телефоны өшірілген», – деп түсіндірді ҚазАқпарат тілшісінің сауалына облыстық полиция департаментінің баспасөз хатшысы Гүлнар Пинчук.

Полиция департаментінің баспасөз хатшысы атап өткендей, 6-шы қыркүйекте әйел ауруханадан шығарылуы керек еді. Алайда, Аршалы кентіне келген туыстары оны ауруханадан таппады. 60 жастағы әйел өзін алып кетуге ұлы келді деп, ауруханадан шығып кеткен. Бастапқыда жоғалған адамның туыстары оны өз бетінше іздеп табуға тырысты, одан нәтиже болмаған соң полицияға жүгінген.

«Жедел-іздестіру шаралары барысында полиция қызметкерлері Аршалы кенті бойынша орналасқан бейнебақылау камераларының жазбаларын қарады, «Аршалы-Нұр-Сұлтан» қатынасымен тасымалдауды жүзеге асыратын такси жүргізушілерінен жауап алынды, адамдар көп жиналатын орындарда бағдарлар жапсырылды, Аршалы ауданының полиция бөлімінің қызметкерлері жоғалған адамды іздеуге жұмылдырылды, 6505 әскери бөлімінің атқыштар ротасы күштерін тарта отырып, Ақбұлақ, Ижевское ауылдары және Аршалы стансасы елді мекендері аумағын сүзіп шықты. Қыркүйектің 9-да вокзал маңындағы орман алқабынан жоғалған әйелдің денесі табылды. Осыған байланысты сараптама тағайындалды», – деп толықтырды Гүлнар Пинчук.

Осы мәселе бойынша ҚазАқпарат тілшісі Ақмола облыстық денсаулық басқармасына хабарласып, мән-жайды сұрап білді. Ондағылар әзірше ешқандай ақпарат бере алмайтынын, басқарама басшылығы мен мамандары Аршалы ауданына аттанатынын, кейін қосымша ақпарат жолданатын айтып түсіндірді.

Айта кетсек, бұл туралы Бақытбек Қадыр есімді желі қолданушы Facebook-тегі парақшасында жазған болатын. Онда ол ауруханадан шығып, орман ішінен денесі табылған әйелдің 1961 жылғы Асқар Қазиман екенін айтады. Оны іздеуге балалары мен туыстары, полиция қызметкерлері және 30-ға жуық еріктілер тартылып, үш күн бойы іздестірген.

Дереккөз: ҚазАқпарат

- Жарнама -Newspaper WordPress Theme

Соңғы жаңалықтар

Бурабайда мас күйінде көлігін айдаған Қостанайдың Бас имамы ұсталды

Қостанайдың Бас имамы Бурабайда мас күйінде көлігін айдаған сәтінде ұсталды. Полиция мас имамның үстінен әкімшілік хаттама толтырып, 15 тәулікке қамады. Имам Бурабайдың көрікті жерлерінде...

Бурабайда Қазақстанда баламасы жоқ мультимедиалық интерактивті кешен ашылды

Бурабай курортындағы Абылай хан алаңында қайта жаңартудан кейін мультимедиалық интерактивті кешеннің (МИК) салтанатты ашылуы өтті. Қайта жаңарту мақсаттарының бірі - Мемлекет басшысының туризмді дамыту жөніндегі...

Жас маман – еліміздің шамшырағы!

Қоғамда өз ісіне берік, ақыл парасаты мол жас мамандар баршылық. Ел Президентіміз «Болашақ жастардың қолында» деп үнемі айтып, бүгінде жастарға барынша мемлекет тарапынан қолдау...

Жарқайың ауданының әкіміне қатаң сөгіс жарияланды

Жарқайың ауданының әкімі Жанболат Хамитовке Ақмола облысының әкімі Марат Ахметжановтың су тасқынының салдарын жою жөніндегі бірқатар тапсырмаларын тиісінше орындамағаны үшін қатаң сөгіс жарияланды. Жарқайың ауданының...

Қала көшелерінде егеуқұйрық және антисанитария: Ерейментау ауданының әкімі қатаң сөгіс алды

«Ерейментау ауданының әкімі Нұрлан Мұқатовқа қоқыс шығару бойынша жұмыстың тиісті деңгейінде жүргізілмегені үшін қатаң сөгіс жарияланды», - деп хабарлайды Ақмола облысы әкімдігінің баспасөз қызметінен. Аудан...