1.2 C
Кокшетау
Четверг, 30 ноября, 2023
ЖаңалықтарӨңірлерҚорғалжынАқмола облысында ауыл ішіне киіктер кіріп кетті

Ақмола облысында ауыл ішіне киіктер кіріп кетті

-Жарнама -spot_img

Ақмола облысының Қорғалжын ауылына киік кіріп кетті. Бұл туралы әлеуметтік желіде бейнежазба тарады, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Бейнежазбадағы куәгерлердің айтуынша, оқиға жақында Қорғалжын ауылында болған. Жазбадан киік текесінің ауыл көшесінде жүргенін көруге болады. Ол тіпті, адамдар мен көліктен де қорықпайды. Тұрғындар ауыл ішінде «күтпеген қонақты» видеоға түсіріп, таратып жатыр. Ауыл тұрғындары бұл жалғыз киік емес, бірнешеуі келді деп отыр.

Тұрғындардың айтуынша, ен далада адамның көзіне түсе бермейтін киіктер боранда қалың қарда жүре алмай, ашыққаннан ауылға келген. Сол себепті тұрғындар жабайы аңдарға жемшөп беруде.

Еске сала кетейік, Ақмола облысында киіктердің қырылуы қаупі төнген болатын. Ақмола облыс бойынша орман шаруашылығы және жануарлар әлемі аумақтық инспекциясының мәліметінше, 2020 жылдың желтоқсан айында Қорғалжын мемлекеттік табиғи қорығында 25 мың киік саналды. Қыс айларында ауа райының күрт бұзылуы өңірде қыстап қалған киіктерге қауіп төндірген болатын.

Дереккөз: ҚазАқпарат

- Жарнама -spot_img
Сондай-ақ...оқыңыз
- Жарнама -spot_img
Соңғы жаңалықтар
- Жарнама -spot_img