Четверг, 19 сентября, 2024
ЖаңалықтарҚоғамБілім көкжиегіАқмола облысында балабақша бүлдіршіндері арасында мемлекеттік тілді білуге арналған байқау өтті

Ақмола облысында балабақша бүлдіршіндері арасында мемлекеттік тілді білуге арналған байқау өтті

2022 жылдың 12-14 сәуірінде «Қазақшаң қалай, балақай?» атты орыс тілінде оқытылатын 4-6 жас аралығындағы балабақша бүлдіршіндері арасындағы облыстық сырттай байқауы ұйымдастырылды.

Ұйымдастырушы Ақмола облысы білім басқармасының «Ақмола дарыны» дарынды балалар мен талантты жастарды анықтау және қолдау жөніндегі орталығы.

«Іс-шара балалардың мемлекеттік тілді меңгеруге деген қызығушылығын арттыруға, қазақ тіліндегі тілдік байлықты, ойлауды, еркін сөйлеу дағдыларын жетілдіруге ықпал етеді», — деп атап өтті ұйымдастырушылар.

Байқауға облыстың 7 ауданы мен 2 қаласынан жалпы саны 9 балабақша қатысты.

Әділ қазылар алқасының жұмысының қорытындысы бойынша байқаудың келесі нәтижелері анықталды:
I – орын Бурабай ауданы, «Ақбота» бөбекжайы;
II – орын Көкшетау қаласы, «Ертөстік» балабақшасы;
III – орын Шортанды ауданы, «Бөбек» балабақшасы;
III – орын Степногорск қаласы, №3 «Алпамыс» балабақшасы.

Жеңімпаздарға Ақмола облысы білім басқармасының дипломдары, тәрбиешілерге алғыс хаттар табысталады. Барлық қатысушыларға қатысқаны үшін сертификаттар беріледі.

spot_img
- Жарнама -Newspaper WordPress Theme

Соңғы жаңалықтар

Қашықтықтан бақылау нәтижесінде 363 қызмет алушының құқықтары сақталды

ҚР Мемлекеттік қызмет істері агенттігінің Ақмола облысы бойынша департаменті «Е-лицензиялау» жүйесінде қашықтықтан жүргізілген мониторинг қорытындысы бойынша 363 қызмет алушылардың құқықтарының сақталуын қамтамасыз етті. Осылайша, бұған...

Ақмола облысында 119 мемлекеттік қызметші үстеме жұмысқа тартылған

ҚР Мемлекеттік қызмет істері агенттігінің Ақмола облысы бойынша департаменті мемлекеттік органдар басшыларының орынбасарлары, аппарат басшылары және әдеп жөніндегі уәкілдер үшін семинар ұйымдастырып, онда 2024...

Ақмола облысында өңірлік кадр резерві жасақталды

Ақмола облысы кадр комиссиясының шешімімен өңірлік кадр резервіне 25 адам іріктелді. Бұл туралы бүгін өңірлік коммуникациялар қызметі алаңында өткен брифинг барысында ҚР Мемлекеттік қызмет...

«Өнерлі шаңырақ» облыстық байқауының жеңімпазы анықталды

Байқауға Ақмола облысының 13 өнерлі отбасылары қатысты. Гран-при иегерлері Қосшы қаласының Жайбусиновтар отбасы Нұрғиса Тілендиевтің “Ата толғау” күйін домбыра, бас домбыра, сырнай, сылдырмақ, шаңқобыз...

Степногорск қаласының прокуратурасы 40 млн теңгені жымқыру фактісін анықтады

Қала прокуратурасы мемлекеттік мекеме бухгалтерінің қаражатты ұрлау фактісін анықтады. Бухгалтер екі жыл бойы депозиттік шоттың ақшалай қаражатын мақсатсыз жұмсаған және мемлекеттік сатып алудың қатысушы болып...