ҚР Мемлекеттік қызмет істері агенттігінің Ақмола облысы бойынша департаментіне « Бастауыш, негізгі орта, жалпы орта білім берудің жалпы білім беретін бағдарламалары бойынша оқыту үшін ведомстволық бағыныстылығына қарамастан, білім беру ұйымдарына құжаттар қабылдау және оқуға қабылдау» қызметін көрсетуден бас тартылған азамат жүгінді.
Естеріңізге сала кетсек, бастауыш білімнің жалпы оқу бағдарламаларын іске асыратын білім беру ұйымдары дайындық деңгейіне қарамастан, білім беру ұйымы қызмет көрсететін аумақта тұратын барлық балалардың қолжетімділігін қамтамасыз ете отырып, алты жастағы және күнтізбелік жылда алты жасқа толатын балаларды бірінші сыныпқа қабылдауды қамтамасыз етеді.
Шағымды қарау барысында Көкшетау қаласының № 2 мектеп-лицейі «Мемлекеттік көрсетілетін қызметтер туралы» Заңның 19-1 бұза отырып, мұндай шешім қабылдаудың себептерін көрсетпей, қызмет көрсетуден бас тартқан.
Мектеп әкімшілігі мұндай фактінің орын алуын аталған мемлекеттік қызмет көрсетілетін ақпараттық жүйеде себептерді көрсету мүмкіндігінсіз мемлекеттік қызмет көрсетуден бас тарту үшін ғана негіздер (нормативтік құқықтық актілерге сілтемелер) көзделгенімен түсіндіреді.
Өтінішті қарау барысында Департаменттің лауазымды тұлғалары арыз иесі мен мектеп басшылығына тиісті түсіндірмелер беріп, нәтижесінде бала мектепке қабылданды.
Қызмет алушылардың құқықтарын қорғау мәселесі Департаменттің тұрақты бақылауында.