Сенбі, Шілде 27, 2024
19.2 C
Kokshetau
23 C
Nur-Sultan
31 C
Almaty
ЖаңалықтарЖемқорлықАқмола облысында білім беру саласындағы қылмыстық іс бойынша ұсыныс қаралды

Ақмола облысында білім беру саласындағы қылмыстық іс бойынша ұсыныс қаралды

Ақмола облысы бойынша Сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызмет басшылығы Білім басқармасының басшылығымен және ұжымымен, сондай-ақ басқарманың ведомстволық бағынысты құрылымдарымен мемлекеттік қызметшілер арасында сыбайлас жемқорлықтың алдын алу шараларын күшейту мәселелерін талқылады.

Онлайн-кездесуге қатысушылар ҚПК-нің 200-бабы тәртібімен енгізілген өңірдегі колледждердің бірінің басшылығы мен қызметкерлеріне қатысты немқұрайлылық фактісі бойынша қылмыстық іске ұсынысты қарады.

Қайталанған құқық бұзушылықтардың алдын алу мақсатында өңірлік Антикор заңнаманы бұзған тұлғаларға қатаң тәртіптік шаралар қолдану, бағыныстылардың қызметіне басшылардың бақылауын күшейту, бюджет қаражатының тиімді пайдаланылуына тиісті бақылауды қамтамасыз ету, сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл саласындағы қолданыстағы заңнаманың нормаларын түсіндіру бойынша қызметкерлермен тұрақты негізде сабақтар өткізу, сондай-ақ сыбайлас жемқорлық тәуекелдеріне ішкі талдау жүргізіп, нақты ұсынымдар әзірлеуді ұсынды.

Енгізілген ұсыныс қорытындысы бойынша оқу орнының кінәлі лауазымды тұлғасы тәртіптік жауапкершілікке тартылды.

Кездесу барысында Департамент басшысы Арман Рахимов сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл саласындағы заңнамалық өзгерістерді түсіндіріп өтті. Атап айтқанда, ол өзіне бағынышты қызметкерлердің сыбайлас жемқорлық жасағаны үшін және ұжымда сыбайлас жемқорлықтың алдын алу бойынша шаралар қабылдамағаны үшін басшылардың дербес жауапкершілігін еске салды. Сондай-ақ, ағымдағы жылдың басынан бастап лауазымды тұлғалардың негізсіз байығаны үшін жауапкершілігі енгізіледі және сыбайлас жемқорлық фактілері туралы хабарлайтын азаматтарды қорғау шаралары күшейтілді.

Сонымен қатар, спикер білім беру ұйымдарында сыбайлас жемқорлыққа қарсы комплаенстің іске асырылуын бақылауды қамтамасыз ету қажеттігін атап өтті. Айта кетейік, бүгінгі таңда білім беру саласының квазимемлекеттік секторының 200-ден астам ұйымында комплаенс бойынша мамандар тағайындалды.

«Биылғы жылы ішкі талдаулар арқылы сыбайлас жемқорлық тәуекелдерін болдырмау бойынша мемлекеттік органдар басшылары қабылдайтын шаралардың тиімділігі қаралатын болады. Сондықтан ішкі талдаулардың сапасын арттырып, олардың уақтылы жүргізілуін қамтамасыз ету қажет», – деді Арман Рахимов.

Өз кезегінде білім басқармасының басшысы Бейбіт Жүсіпов білім беру саласындағы сыбайлас жемқорлықтың алдын алу бойынша жүргізіліп жатқан жұмыстар туралы баяндады.

- Жарнама -Newspaper WordPress Theme

Соңғы жаңалықтар

Бурабайда мас күйінде көлігін айдаған Қостанайдың Бас имамы ұсталды

Қостанайдың Бас имамы Бурабайда мас күйінде көлігін айдаған сәтінде ұсталды. Полиция мас имамның үстінен әкімшілік хаттама толтырып, 15 тәулікке қамады. Имам Бурабайдың көрікті жерлерінде...

Бурабайда Қазақстанда баламасы жоқ мультимедиалық интерактивті кешен ашылды

Бурабай курортындағы Абылай хан алаңында қайта жаңартудан кейін мультимедиалық интерактивті кешеннің (МИК) салтанатты ашылуы өтті. Қайта жаңарту мақсаттарының бірі - Мемлекет басшысының туризмді дамыту жөніндегі...

Жас маман – еліміздің шамшырағы!

Қоғамда өз ісіне берік, ақыл парасаты мол жас мамандар баршылық. Ел Президентіміз «Болашақ жастардың қолында» деп үнемі айтып, бүгінде жастарға барынша мемлекет тарапынан қолдау...

Жарқайың ауданының әкіміне қатаң сөгіс жарияланды

Жарқайың ауданының әкімі Жанболат Хамитовке Ақмола облысының әкімі Марат Ахметжановтың су тасқынының салдарын жою жөніндегі бірқатар тапсырмаларын тиісінше орындамағаны үшін қатаң сөгіс жарияланды. Жарқайың ауданының...

Қала көшелерінде егеуқұйрық және антисанитария: Ерейментау ауданының әкімі қатаң сөгіс алды

«Ерейментау ауданының әкімі Нұрлан Мұқатовқа қоқыс шығару бойынша жұмыстың тиісті деңгейінде жүргізілмегені үшін қатаң сөгіс жарияланды», - деп хабарлайды Ақмола облысы әкімдігінің баспасөз қызметінен. Аудан...