Среда, 30 апреля, 2025
ЖаңалықтарҚоғамАқмола облысында бірқатар лауазымды тұлғалар бағынышты қызметкерлердің сыбайлас жемқорлығы үшін жауапқа тартылды

Ақмола облысында бірқатар лауазымды тұлғалар бағынышты қызметкерлердің сыбайлас жемқорлығы үшін жауапқа тартылды

Сондай-ақ, оқыңыз...

Мемлекет басшысының тапсырмасы бойынша 2019 жылғы қарашада заңнамалық деңгейде мемлекеттік органдардың бірінші басшыларының қарамағындағылардың сыбайлас жемқорлық үшін отставкаға шығу институты енгізілді.

Бүгінгі күні осы норманы іске асыру шеңберінде бағынышты қызметкерлердің сыбайлас жемқорлық қылмыстар жасағаны үшін Ақмола облысының бірқатар лауазымды тұлғалары отставкаға кетуі туралы өтініш бергеннен кейін жұмыстан шығарылды, сондай-ақ тәртіптік жауапқа тартылды.

Мысалы, ҚР АШМ Ветеринарлық бақылау және қадағалау комитетінің Көкшетау қалалық аумақтық инспекциясының басшысы «толық емес қызметтік сәйкестік» түрінде тәртіптік жауапқа тартылды. Осы мемлекеттік органның бас маманы-мемлекеттік санитарлық инспекторы пара алған болатын.

Облыстың Сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызметі тіркелген қылмыстар мен шығарылған сот үкімдеріне мониторингті тұрақты негізде жүзеге асырады.

Қазіргі уақытта процестік шешімдер қабылданғаннан және сот үкімдері күшіне енгеннен кейін бағынышты қызметкерлердің сыбайлас жемқорлық құқық бұзушылық жасағаны үшін басшылардың дербес жауапкершілігі туралы мәселелер қаралатын бірқатар қылмыстық істер бар.

Естеріңізге сала кетейік, енді мемлекеттік саяси қызметшілер тікелей бағынышты қызметкерлер сыбайлас жемқорлық қылмыс жасаған жағдайда отставкаға түсуге міндетті.

Бірінші басшы оның тікелей бағынышты тұлғасына қатысты соттың айыптау үкімі күшіне енгеннен соң күнтізбелік 10 күн ішінде немесе ақталмайтын негіздер бойынша қылмыстық іс тоқтатылғаннан кейін отставкаға кетуге міндет.

Айта кету керек, «Мемлекеттік қызмет туралы» Заңға сәйкес, мемлекеттік қызметшіні осы лауазымға тағайындаған лауазымды тұлғаға орнынан кету туралы өтініш жіберіледі. Отставканы қабылдау немесе қабылдамау – бұл саяси қызметкерді қызметке тағайындаған адамның құзыреті.

Егер саяси емес, бірақ А және Б корпусының әкімшілік мемлекеттік қызметшілері болып табылатын барлық басқа басшыларына тікелей бағынышты қызметкерлер сыбайлас жемқорлық құқық бұзушылық жасаған жағдайда алдыңғыларға тәртіптік жауапкершілік қарастырылған.

spot_img
- Жарнама -Newspaper WordPress Theme

Соңғы жаңалықтар

Трамп АҚШ-ты жарылқай ма, әлде жарға жыға ма?

Дональд Трамптың АҚШ президенті қызметіне кіріскеніне бірнеше айдың ғана жүзі болса да, ол алпауыт елдің болашағына көлеңкесін түсірер біраз шаруаларды жасап тастады.  АҚШ президенті...

Жолшылар Көкшетау қаласының колледж студенттерімен кездесті

Жолшылар Көкшетау қаласының мектептерінің түлектерімен кездесті. «Жол активтері сапасының Ұлттық Орталығы» РМК Ақмола облысы бойынша филиалы ұжымы арнайы мектепке барып, кәсіби-бағдар беру жұмыстарын жалғастырып...

Ақмола облысында 315 қызмет алушының құқықтары қалпына келтірілді

Бүгін Өңірлік коммуникациялар қызметі алаңында ҚР Мемлекеттік қызмет істері агенттігінің Ақмола облысы бойынша департаментінің басшысы Думан Әбілевтің қатысуымен Департаменттің 2025 жылдың І тоқсаны ішіндегі...

Биыл Ақмола облысында 9 мемлекеттік орган мемлекеттік қызметке іріктеудің пилоттық жүйесіне кіреді

Бұл туралы бүгін Өңірлік коммуникациялар қызметі алаңында өткен брифинг барысында ҚР Мемлекеттік қызмет істері агенттігінің Ақмола облысы бойынша департаментінің басшысы Думан Әбілев мәлімдеді. Спикер атап...

Жоғары оқу орындарының 25 түлегі мемлекеттік қызметке конкурссыз қабылданды

Мемлекеттік қызмет саласындағы қолданыстағы заңнамамен мемлекеттік аппаратты кәсібилендіру мақсатында «Б» корпусының кейбір мемлекеттік әкімшілік лауазымдарына конкурстан тыс тағайындау мүмкіндігі көзделген. Бүгін БАҚ өкілдеріне арналған брифинг...