Воскресенье, 24 ноября, 2024
ЖаңалықтарҚоғамБілім көкжиегіАқмола облысында бірқатар оқушылар «Жас Ұлан» қатарына қабылданды

Ақмола облысында бірқатар оқушылар «Жас Ұлан» қатарына қабылданды

Сондай-ақ, оқыңыз...

Көкшетаудағы Ақмола облыстық өлкетану мұражайында ерекше көзге түскен оқушыларды «Жас Ұлан» қатарына қабылдау салтанатты рәсімі өтті.

Биыл Қазақстан Республикасы Тұңғыш Президентінің бастамасымен құрылған «Жас Ұлан» балалар-жасөспірімдер қозғалысына 10 жыл толып отыр. «Жас Ұлан» өз қызметін жалпы білім беретін мектептер базасында жүзеге асырады, бұл өскелең ұрпақты жоғары адамгершілік-рухани құндылықтар, толеранттылық, демократизм және өзара түсіністік мәдениеті негізінде қазақстандық патриотизм рухында қалыптастыратын ұйым.
«Жас ұланда» мүшеліктің екі деңгейлі жүйесі жұмыс істейді.

«Жас Ұлан» — аға буын мүшелері 5-10 сынып оқушылары, «Жас Қыран» — кіші буын мүшелері болып табылады, оның мүшесі болуға өз еркімен ниет білдірген, «Жас Ұланның» дамуына өз үлесін қосқысы келетін 1-4 сынып оқушылары қабылданады.

Бүгін үздік балалар, өз мектебінің, қаласының және облысының намысын бірнеше рет қорғаған белсенділер аталған бірлестіктің қатарына енді. Ақмола облысының әкімі Ермек Маржықпаев 10 оқушыға галстук байлады.

«Жас Ұлан» балалар ұйымы өздерінің көшбасшылық қасиеттерімен ерекшеленген 500 мыңнан астам ақмолалық балаларды тәрбиеледі. Сіздерді осы мерекемен шын жүректен құттықтаймын. Балалар ұйымында өтетін жылдарыңыз қызықты әрі танымды болсын. Сіздер Тұңғыш Президентіміздің еліміздің лайықты азаматтары болсын деген үмітін ақтайтын боласыздар деп сенемін!» — деп атап өтті аймақ басшысы.

Айта кетсек, көптеген балалар, бұрынғы жасұландықтар кәсіби мансапта жоғары биіктерге қол жеткізді және қол жеткізген жетістіктерімен тоқтап қалмады.

Мысалы, Нұр-Сұлтан қаласындағы облыстық мектеп-интернатының түлегі Бексұлтан Мағжан қазіргі таңда Қазақстанның ең ірі компанияларының бірі «Bi Group» компаниясында еңбек етеді, Садық Медет Зеренді ауданының Абай мектебінің түлегі, қазіргі уақытта Тараз қаласының 5513 әскери бөлімінде взводты басқарады, облыстық «Дарын» мектеп — интернатының түлегі Есекеева Мәнсия қазіргі уақытта облыстық жастар ресурстық орталығының директоры қызметінде.

spot_img
- Жарнама -Newspaper WordPress Theme

Соңғы жаңалықтар

Ақмола облысы цифрландыру және архивтер басқармасының басшысы тағайындалды

Ақмола облысы әкімінің өкімімен Мағжан Қайратұлы Ержан Ақмола облысы цифрландыру және архивтер басқармасының басшысы болып тағайындалды. Мағжан Қайратұлы Еуразия технологиялық университетін, Қазақ Еңбек және әлеуметтік қатынастар...

Ақмолада Мемлекеттік бюджетті атқару кезінде жемқорлық тәуекелдері бойынша бухгалтерлерге арналған семинар өткізілді

Сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызметтің Ақмола облысы бойынша департаментімен бюджеттік бағдарламалардың әкімшілері, білім беру және спорт саласындағы ұйымдардың бухгалтерлері үшін мемлекеттік бюджетті атқару кезіндегі сыбайлас...

296 фермердің 618 млн. теңгеден астам сомаға субсидия алу құқығы қалпына келтірілді

ҚР Мемлекеттік қызмет істері агенттігінің Ақмола облысы бойынша департаменті қызмет берушінің кінәсінен «Саны зияндылықтың экономикалық шегінен жоғары зиянды және аса қауіпті зиянды организмдерге және...

Көкшетауда Тұрлыхожа Базаровтың 75 жылдығына арналған шығармашылық кеш өтті

1 қараша күні Үкілі Ыбырай атындағы Ақмола облыстық филармониясында «Құрмет» ордені мен «Ерен еңбегі үшін» медалінің иегері Тұрлыхожа Базаровтың 75 жылдығына арналған «Күмбірлеткен кеудемді...

Ақмола облысында қызметтік автокөлікті қызметтік емес мақсатта пайдаланудың 21 фактісі анықталды

ҚР Мемлекеттік қызмет істері агенттігінің Ақмола облысы бойынша департаментімен орталық мемлекеттік органдардың аумақтық бөлімшелері мен жергілікті атқарушы органдардың қызметтік автокөлікті жеке мақсатта пайдалануға тыйым...