Вторник, 14 января, 2025
ЖаңалықтарЭкономикаАқмола облысында бизнес-қауымдастықпен сыбайлас жемқорлыққа қарсы саясат тұжырымдамасының жобасы талқыланды

Ақмола облысында бизнес-қауымдастықпен сыбайлас жемқорлыққа қарсы саясат тұжырымдамасының жобасы талқыланды

Сондай-ақ, оқыңыз...

Көкшетауда «Атамекен» ҰКП Ақмола облыстық филиалының алаңында Мемлекет Басшысының тапсырмаларын іске асыру аясында әзірленген 2022-2026 жылдарға арналған Сыбайлас жемқорлыққа қарсы саясат тұжырымдамасының жобасын талқылау бойынша кездесу өтті.

Іс-шараға облыс әкімінің уақытша міндетін атқарушы Елдос Рамазанов, Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл аумақтық департаментінің басшысы Арман Рахимов, облыстық Кәсіпкерлер палатасының және оның өңірлік филиалдарының басшылары мен өкілдері, сондай-ақ облыстың бизнес-қоғамдастығының өкілдері қатысты.

Кездесуде Елдос Рамазанов сыбайлас жемқорлыққа қарсы саясат қызметтің барлық саласын қамтитынын, бұл тұрғыда мемлекеттік органдар мен бүкіл қоғамның сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимылдағы күш-жігерін шоғырландыру қажет екенін атап өтті. Ол биылғы 21 қаңтарда ел Президентінің отандық ірі бизнес өкілдерімен өткен кездесуіне назар аударды, онда Қасым-Жомарт Тоқаев билік пен бизнестің халық игілігі үшін өзара іс-қимыл жолдарын белгілеу қажеттігін атап өтті.

Өңірдің Сыбайлас жемқорлыққа қарсы ведомствосының басшысы Арман Рахимов өз сөзінде қатысушыларға алдағы 5 жылға арналған сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл жөніндегі стратегиялық құжат жобасының маңызды ережелерін ұсына отырып, кәсіпкерлік қоғамдастықтың тұжырымдаманы әзірлеуге белсенді қатысуының маңыздылығын атап өтті.

«Мемлекет басшысы сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызметке корпоративтік сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимылға ерекше назар аудара отырып, бизнес-қоғамдастықпен сыбайлас жемқорлыққа қарсы саясат тұжырымдамасының жобасын мұқият талқылауды тапсырды. Құжатты әзірлеу барысында жұртшылықтың, бизнес өкілдерінің, сарапшылар мен азаматтардың пікірлері, сондай-ақ шетелдік тәжірибе мен өзіндік практика ескерілгенін атап өткім келеді. Тұжырымдамада нақты реформаларды, оның ішінде бизнес қызметіне қатысты өзгерістерді қамтитын сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызметті жетілдірудің одан әрі бағдарлары ұсынылған. Сонымен қатар, бүгін біз осы мәселені одан әрі сындарлы ұсыныстар әзірлеу үшін өңіріміздің кәсіпкерлерімен егжей — тегжейлі талқылағымыз келеді», — деп атап өтті Арман Рахимов.

Спикер Тұжырымдаманың маңызды басымдықтарының бірі — сыбайлас жемқорлыққа қарсы стандарттарды енгізуді, сондай-ақ сыбайлас жемқорлыққа қарсы комплаенс-қызметтер институтын іске асыруды көздейтін адал бизнесті дамытуға тоқталды. Бұдан басқа, адал жұмыс істейтін компаниялар мемлекеттік сатып алу, салық салу, субсидиялар алу және мемлекеттік қолдаудың басқа да түрлері кезінде артықшылықтарға ие болуы тиіс. Осы шаралардың барлығы жеке секторды бизнесті адал жүргізуге ынталандыруға бағытталған.

Кездесу қорытындысы бойынша кәсіпкерлер стратегиялық құжат жобасын белсенді талқылап, пікір алмасып, сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл аясында тиімді өзара іс-қимыл бойынша бірқатар ұсыныстарды енгізді.

 

spot_img
- Жарнама -Newspaper WordPress Theme

Соңғы жаңалықтар

Жайлылық пен сапа: Ақмола облысында заманауи жатақханалар ашылуда

Жыл басында  өңірде студенттер үшін жаңа заманауи жатақханалар пайдалануға беріледі. Бұл  оларды жайлы баспанамен қамтамасыз етудегі маңызды қадам  болмақ. Жаңа жатақхана студенттердің тұрғын үй...

Мемлекеттік қызметтерді көрсету саласында 15 мыңға жуық құқық бұзушылық анықталды

Бүгін Өңірлік коммуникациялар қызметі алаңында ҚР Мемлекеттік қызмет істері агенттігінің Ақмола облысы бойынша департаментінің басшысы Думан Әбілевтің қатысуымен Департаменттің 2024 жылғы қызметінің қорытындысы бойынша...

Ақмола облысында мемлекеттік қызметтегі басшы әйелдердің үлесі 43,4% құрайды

ҚР Мемлекеттік қызмет істері агенттігінің Ақмола облысы бойынша департаменті 2024 жылғы қызметін қорытындылады. Бұл туралы Департамент басшысы Думан Әбілев Өңірлік коммуникациялар қызметі алаңында өткен...

Онлайн режимде мемлекеттік қызметке іріктеу бойынша 1683 конкурс өтті

ҚР Мемлекеттік қызмет істері агенттігінің Ақмола облысы бойынша департаментінің басшысы Думан Әбілев Өңірлік коммуникациялар қызметінің алаңында өткен брифинг барысында eqyzmet.gov.kz жүйесінде мемлекеттік қызметке іріктеу...

Ақмола облысында 528 мемлекеттік қызметшінің құқығы қорғалды

Бұл туралы бүгін Өңірлік коммуникациялар қызметі алаңында өткен брифинг барысында ҚР Мемлекеттік қызмет істері агенттігінің Ақмола облысы бойынша департаментінің басшысы Думан Әбілев мәлімдеді. Спикердің айтуынша...