Ұлттық құндылығымызды ұлықтап, төл өнерімізді насихаттау және жас ұрпақты тәрбиелеу мақсатында облыстық халық шығармашылық және мәдени демалыс орталығының жанынан «Бурабай» күй мектебі ашылды.
Ашылу салтанатына шығармашылық зиялы қауым өкілдері, мәдениет қайраткерлері, педагогикалық қоғамдастығы қатысты.
Іс-шара барысында Бурабай және Зеренді аудандарының «Оқжетпес сазы», «Сары арқа» бірлескен домбырашылар ансамблі және Біржан сал атындағы музыкалық колледжінің домбырашылар ансамблі «Балбырауын» күйін орындады.
Ақмола облысы мәдениет басқармасының басшысы А.Сәбитова құттықтау сөзінде жас домбырашыларға табыс пен шығармашылық шабыт тіледі.
Іс-шара соңында «Бурабай» күй мектебіне «Дегдар» гуманитарлық қорынан сыйға домбыралар табыс етілді.