Сенбі, Шілде 27, 2024
15.2 C
Kokshetau
14 C
Nur-Sultan
24 C
Almaty
ЖаңалықтарЖемқорлықАқмола облысында денсаулық сақтау саласында сыбайлас жемқорлық тәуекелдеріне талдау басталды

Ақмола облысында денсаулық сақтау саласында сыбайлас жемқорлық тәуекелдеріне талдау басталды

Ақмола облысы бойынша Сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызмет сыбайлас жемқорлықтың себептері мен жағдайларын анықтау мақсатында денсаулық сақтау саласындағы сыбайлас жемқорлық тәуекелдеріне сыртқы талдауды бастады.

Талдау шеңберінде медициналық техниканы сатып алу, пайдалану және халық үшін қолжетімділікті қамтамасыз ету, медициналық ұйымдардың қызметкерлеріне еңбекақы төлеу, медициналық мекемелер ғимараттарының құрылыс жұмыстары және басқа да мәселелер қамтылатын болады.

Департамент сыбайлас жемқорлық тәуекелдеріне сыртқы талдау жүргізуге сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимылдың өзге де субъектілерінің мамандарын және (немесе) сарапшыларын тартуға құқылы.

Барлық мүдделі тұлғалар жұмыс тобының құрамына кіру арқылы сыбайлас жемқорлық тәуекелдерін талдауға қатысуға шақырылады.

Азаматтардың пікірлері мен ұсыныстарын қабылдау үшін anticorruption1494@mail.ru электрондық поштасы, сондай-ақ 8 (7162) 29-66-24 байланыс телефоны жұмыс істейді.

Сонымен қатар, Департаментке Antikor ortalyǵy алаңы (Көкшетау қаласы, Назарбаев даңғылы, 71/1) арқылы жүгіну мүмкіндігі қарастырылған.

Барлық мүдделі азаматтарды ынтымақтастыққа және қатысуға шақырамыз!

- Жарнама -Newspaper WordPress Theme

Соңғы жаңалықтар

Бурабайда мас күйінде көлігін айдаған Қостанайдың Бас имамы ұсталды

Қостанайдың Бас имамы Бурабайда мас күйінде көлігін айдаған сәтінде ұсталды. Полиция мас имамның үстінен әкімшілік хаттама толтырып, 15 тәулікке қамады. Имам Бурабайдың көрікті жерлерінде...

Бурабайда Қазақстанда баламасы жоқ мультимедиалық интерактивті кешен ашылды

Бурабай курортындағы Абылай хан алаңында қайта жаңартудан кейін мультимедиалық интерактивті кешеннің (МИК) салтанатты ашылуы өтті. Қайта жаңарту мақсаттарының бірі - Мемлекет басшысының туризмді дамыту жөніндегі...

Жас маман – еліміздің шамшырағы!

Қоғамда өз ісіне берік, ақыл парасаты мол жас мамандар баршылық. Ел Президентіміз «Болашақ жастардың қолында» деп үнемі айтып, бүгінде жастарға барынша мемлекет тарапынан қолдау...

Жарқайың ауданының әкіміне қатаң сөгіс жарияланды

Жарқайың ауданының әкімі Жанболат Хамитовке Ақмола облысының әкімі Марат Ахметжановтың су тасқынының салдарын жою жөніндегі бірқатар тапсырмаларын тиісінше орындамағаны үшін қатаң сөгіс жарияланды. Жарқайың ауданының...

Қала көшелерінде егеуқұйрық және антисанитария: Ерейментау ауданының әкімі қатаң сөгіс алды

«Ерейментау ауданының әкімі Нұрлан Мұқатовқа қоқыс шығару бойынша жұмыстың тиісті деңгейінде жүргізілмегені үшін қатаң сөгіс жарияланды», - деп хабарлайды Ақмола облысы әкімдігінің баспасөз қызметінен. Аудан...