Понедельник, 25 ноября, 2024
ЖаңалықтарҚоғамАқмола облысында ХҚКО жұмысы сынға алынды

Ақмола облысында ХҚКО жұмысы сынға алынды

Сондай-ақ, оқыңыз...

 Ақмола облысы бойынша Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл департаменті басшылығының және «Азаматтарға арналған үкімет» мемлекеттік корпорациясы» КЕ АҚ облыстық филиалы өкілдерінің қатысуымен онлайн режимінде сыбайлас жемқорлықтың себептері мен жағдайларын қарау және жою бойынша кездесу өтті.

Кездесуге қатысушыларға аудандық автоЦОНдардың бірінің лауазымды тұлғаларына, сондай-ақ облыс азаматына қатысты қылмыстық іс шеңберінде ҚР Қылмыстық-процестік кодексінің 200-бабы негізінде енгізілген ұсыну бойынша ақпарат жеткізілді.

Қылмыстық статистика көрсеткендей, 2018 жылдан бастап облыстық Антикор «Азаматтарға арналған үкімет» КЕ АҚ филиалы мен оның бөлімшелерінің қызметкерлеріне қатысты 17 қылмыстық істі тіркеді.

Қайта құқық бұзушылықтарға жол бермеу мақсатында өңірдің Сыбайлас жемқорлыққа қарсы ведомствосы ЖҚЕ білу емтихандарын тапсыру кезінде бақылауды күшейтуді, барлық құрылымдық бөлімшелердің тестілеу кабинеттерінің тексеру іс-шараларын ұйымдастыруды, бағынышты қызметкерлердің жұмысына тиісті бақылауды қамтамасыз етуді ұсынды.

Кездесу барысында қатысушыларға сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл мәселелері бойынша заңнамадағы соңғы өзгерістер түсіндірілді. Атап айтқанда, жаңа түзетулерге сәйкес сыбайлас жемқорлық субъектілері болып табылатын квазимемлекеттік сектор лауазымды тұлғаларының шеңбері кеңейтілді, квазимемлекеттік сектор ұйымдарында сыбайлас жемқорлыққа қарсы комплаенс-қызметтер институты құрылды, сыбайлас жемқорлық үшін сотталған адамдарды кез келген квазимемлекеттік сектор лауазымына қабылдауға толық тыйым салынды.

Департамент басшылығы мемлекеттік қызметтердің сапасын қамтамасыз ету Сыбайлас жемқорлыққа қарсы стратегияның мақсаттарының бірі болып табылатынын атап өтті.

Cондықтан филиал басшылығы қызметкерлердің мемлекеттік қызмет көрсету саласындағы заңнама нормаларын сақтауын бақылауды қатаңдату, сондай-ақ мамандандырылған ХҚКО қызметінің айқындығы мен ашықтығын арттыру қажет.

spot_img
- Жарнама -Newspaper WordPress Theme

Соңғы жаңалықтар

Ақмола облысы цифрландыру және архивтер басқармасының басшысы тағайындалды

Ақмола облысы әкімінің өкімімен Мағжан Қайратұлы Ержан Ақмола облысы цифрландыру және архивтер басқармасының басшысы болып тағайындалды. Мағжан Қайратұлы Еуразия технологиялық университетін, Қазақ Еңбек және әлеуметтік қатынастар...

Ақмолада Мемлекеттік бюджетті атқару кезінде жемқорлық тәуекелдері бойынша бухгалтерлерге арналған семинар өткізілді

Сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызметтің Ақмола облысы бойынша департаментімен бюджеттік бағдарламалардың әкімшілері, білім беру және спорт саласындағы ұйымдардың бухгалтерлері үшін мемлекеттік бюджетті атқару кезіндегі сыбайлас...

296 фермердің 618 млн. теңгеден астам сомаға субсидия алу құқығы қалпына келтірілді

ҚР Мемлекеттік қызмет істері агенттігінің Ақмола облысы бойынша департаменті қызмет берушінің кінәсінен «Саны зияндылықтың экономикалық шегінен жоғары зиянды және аса қауіпті зиянды организмдерге және...

Көкшетауда Тұрлыхожа Базаровтың 75 жылдығына арналған шығармашылық кеш өтті

1 қараша күні Үкілі Ыбырай атындағы Ақмола облыстық филармониясында «Құрмет» ордені мен «Ерен еңбегі үшін» медалінің иегері Тұрлыхожа Базаровтың 75 жылдығына арналған «Күмбірлеткен кеудемді...

Ақмола облысында қызметтік автокөлікті қызметтік емес мақсатта пайдаланудың 21 фактісі анықталды

ҚР Мемлекеттік қызмет істері агенттігінің Ақмола облысы бойынша департаментімен орталық мемлекеттік органдардың аумақтық бөлімшелері мен жергілікті атқарушы органдардың қызметтік автокөлікті жеке мақсатта пайдалануға тыйым...