Көкшетауда «Bolashaq saraiy» сарайының қабырғасында 9 желтоқсан – Халықаралық сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес күніне орай салтанатты іс-шара өтті.
Іс-шараға Ақмола облысының әкімі Марат Ахметжанов, Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл департаментінің басшысы Асхат Оразхан, құқық қорғау және мемлекеттік органдардың басшылары, жұртшылық, саяси партиялар, бизнес-құрылымдар мен БАҚ өкілдері қатысты.
Шарада сөз сөйлеген облыс әкімі Марат Ахметжанов сыбайлас жемқорлық мемлекеттің әлеуметтік-экономикалық дамуына және адамдардың әл-ауқатына қауіп төндіретінін атап өтті.
«Мемлекет Басшысының тапсырмаларын іске асыру аясында біз қоғамдағы әділдік пен тең құқықты қамтамасыз етуге бағытталғанбыз. Бұл тұрғыда сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрестегі міндеттерді тиімді шешу үшін қоғамның барлық топтарының сындарлы өзара іс — қимылы маңызды рөл атқарады», — деді Марат Ахметжанов.
Өңір басшысы сондай-ақ №4 «Сыбайлас жемқорлықтың алдын алу және оған қарсы іс-қимыл» үлгілік базалық бағытын іске асыру шеңберінде ағымдағы жылдың қорытындысы бойынша облыс жоғары нәтижелерге қол жеткізгенін атап өтті. Жобалық басқару басшылардың жауапкершілігін дербестендіруге, сыбайлас жемқорлыққа қарсы шараларды ретке келтіруге және мемлекеттік органдардың сыбайлас жемқорлықтың алдын алудағы күш-жігерін біріктіруге мүмкіндік береді.
Сөз сөйлеу барысында өңірдің Сыбайлас жемқорлыққа қарсы ведомствосының басшысы Асхат Оразхан өңірде азаматтар мен бизнес үшін маңызды проблемаларды кешенді шешу мақсатында үлкен жұмыс жүргізіліп жатқанын айтты.
Мәселен, облыс әкімдігімен бірлесіп, фермерлер үшін дизель отыны операторларын айқындау рәсімінің ашықтығын қамтамасыз ету бойынша қабылданған шаралардың арқасында өткен және ағымдағы жылдары өңірдің 2000-нан астам аграршыларды жеңілдетілген ЖЖМ алды. Уәкілетті және құқық қорғау органдарының шоғырландырылған күш-жігерімен мемлекеттік қорға 480 мың гектардан астам ауыл шаруашылығы жерлері өз еркімен қайтарылды.
«Атамекен» ӨКП-мен бірлесіп іске асырылып жатқан «Бизнеске жол» жобасы аясында өңірдің 2700-ден астам кәсіпкерлеріне олардың проблемалық мәселелерін шешуге көмек көрсетілді. Өңірдің 100-ге жуық азаматы сыбайлас жемқорлыққа қарсы волонтерлер ретінде әлеуметтік нысандардың мониторингіне, бюджет қаражатының жұмсалу мониторингіне, халыққа құқықтық кеңес беруге және басқа да мәселелерге белсенді қатысуда.
«Біз қоғамдық маңызы бар мәселелерді шешу бойынша жүйелі жұмысты жалғастырамыз. Жыл сайын сыбайлас жемқорлыққа төзбейтін азаматтардың саны артып келе жатқаны қуантады. Бұл өте маңызды сәт, өйткені қоғамның қолдауынсыз сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес тиісті нәтиже бермейді», — деп атап өтті Асхат Оразхан.
Ішкі саясат басқармасының басшысы Алмас Алин және Ш. Уәлиханов атындағы Көкшетау университетінің ректоры Марат Сырлыбаев сыбайлас жемқорлыққа қарсы мәдениетті қалыптастыру шеңберінде жүргізіліп жатқан жұмыстар туралы баяндама жасады.
Іс-шара соңында облыс әкімі мен Департамент басшысының қоғамда сыбайлас жемқорлыққа төзбеушілік ахуалын қалыптастыруға қосқан үлесі үшін жұртшылық, БАҚ, сыбайлас жемқорлыққа қарсы волонтерлерді, комплаенс және ТБН-4 ілгерілету бойынша мамандарды, сондай-ақ мемлекеттік қызметшілерді марапаттау рәсімі өтті.