spot_img
- Жарнама -spot_img
13.8 C
Kokshetau
ЖаңалықтарОқиғаАдам және заңАқмола облысында «Халық заңгері» жалпыреспубликалық акциясы өтеді

Ақмола облысында «Халық заңгері» жалпыреспубликалық акциясы өтеді

-Жарнама -spot_img

26 мамыр күні жергілікті уақытпен сағат 17:00-де Қазақстанның барлық ірі қалаларында «Халық заңгері» жалпыреспубликалық акциясы басталады.

Акцияның мақсаты – халықтың құқықтық сауаттылығын арттыру және тегін заң жөнінен көмек көрсету. Кез келген азамат еліміздің заң қоғамдастығындағы өкілдерден тегін қажетті кеңес ала алады. Олардың арасында – адвокаттар, нотариустар, прокурорлар, заң кеңесшілері, тергеушілер, мемлекеттік органдардың басшылары.

Егер құқық жөнінде сұрақтарыңыз болса және ол жайында сауатты кеңес алғыңыз келсе, ҚР үздік сарапшыларынан кеңес алу мүмкіндігін пайдаланыңыз.

Көкшетау қаласында акция Абай көшесі, 76, Шоқан Уәлиханов атындағы Көкшетау университетінің бас ғимараты мекен-жайы бойынша өтеді.

Келіңіздер, құқықтық көмекке мұқтаж жандардың барлығын күтеміз!

Акцияны ұйымдастырушылар – ҚР Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігі, «Zakon.kz» желілік басылымы, «Параграф» ақпараттық жүйесі, мемлекеттік билік органдары және Қазақстанның үздік заңгерлері мен адвокаттары.

Көмектесу үшін бірігеміз!

- Жарнама -spot_img
- Жарнама -spot_img
Байланысты бол
16,985ФанаттарМаған ұнайды
2,458ОқырмандарОқу
61,453ЖазылушыларЖазылу
Сондай-ақ...оқыңыз
- Жарнама -spot_img
Соңғы жаңалықтар
- Жарнама -spot_img