Сенбі, Шілде 27, 2024
15.2 C
Kokshetau
14 C
Nur-Sultan
24 C
Almaty
ЖаңалықтарЖемқорлықАқмола облысында Конституция күніне арналған ғылыми конференция өтті

Ақмола облысында Конституция күніне арналған ғылыми конференция өтті

Ш.Уәлиханов атындағы Көкшетау университетінің қабырғасында ҚР Конституциясы күніне арналған «Қазақстан Республикасының Конституциясының тарихы даму жолы» атты ғылыми-тәжірибелік конференция өтті.

Іс-шараны Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл департаменті, Ақмола облыстық адвокаттар алқасы және Шоқан Уәлиханов атындағы Көкшетау университеті ұйымдастырды.

Өзінің құттықтау сөзінде өңірдің Сыбайлас жемқорлыққа қарсы ведомствосының басшысы Асхат Оразхан Конституцияға сәйкес біздің мемлекет қызметінің негізгі қағидаттарының бірі қоғамдық келісім мен саяси тұрақтылық, бүкіл халықтың игілігі үшін экономикалық даму, қазақстандық патриотизм болып табылатынын атап өтті. Осы қағидаттардың маңыздылығын ескере отырып, Сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызмет әлеуметтік маңызы бар жобаларды сапалы іске асыруға, азаматтар мен кәсіпкерлердің өзекті мәселелерін шешуге ерекше назар аударады. Осы тұрғыда Сыбайлас жемқорлық тәуекелдерінің картасы әзірленді, «Бизнеске жол» және «Сыбайлас жемқорлыққа қарсы волонтерлік» республикалық жобалары іске асырылуда.

«Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл елдің стратегиялық дамуының басты басымдықтарының қатарында екені сөзсіз. Сондықтан өскелең ұрпақты өз елінің жауапты, адал және әділ азаматтары ретінде тәрбиелеу қажет», – деді Асхат Оразхан.

Ол сондай-ақ ғылыми конференция қоғамның құқықтық мәдениетін арттыруға және азаматтардың жоғары патриоттық санасын қалыптастыруға жаңа серпін беретініне сенім білдірді.

Конференцияда облыстық соттың, прокуратура, ұлттық қауіпсіздік органдарының басшылығы, сондай-ақ адвокаттар да құттықтау сөз сөйледі.

Іс-шара барысында қатысушылар қоғам мен мемлекеттің конституциялық дамуының өзекті мәселелерін талқылады, түрлі сарапшылардың пікірлері айтылды, сондай-ақ ғылыми ынтымақтастықтың маңызды рөлі атап өтілді.

Ғылыми-практикалық конференцияны ұйымдастырушылар мемлекеттік органдар да, жұртшылық өкілдері де өздерінің адал еңбектерімен елдің табысты болашағын құруға үлес қосуы тиіс екенін атап өтті.

- Жарнама -Newspaper WordPress Theme

Соңғы жаңалықтар

Бурабайда мас күйінде көлігін айдаған Қостанайдың Бас имамы ұсталды

Қостанайдың Бас имамы Бурабайда мас күйінде көлігін айдаған сәтінде ұсталды. Полиция мас имамның үстінен әкімшілік хаттама толтырып, 15 тәулікке қамады. Имам Бурабайдың көрікті жерлерінде...

Бурабайда Қазақстанда баламасы жоқ мультимедиалық интерактивті кешен ашылды

Бурабай курортындағы Абылай хан алаңында қайта жаңартудан кейін мультимедиалық интерактивті кешеннің (МИК) салтанатты ашылуы өтті. Қайта жаңарту мақсаттарының бірі - Мемлекет басшысының туризмді дамыту жөніндегі...

Жас маман – еліміздің шамшырағы!

Қоғамда өз ісіне берік, ақыл парасаты мол жас мамандар баршылық. Ел Президентіміз «Болашақ жастардың қолында» деп үнемі айтып, бүгінде жастарға барынша мемлекет тарапынан қолдау...

Жарқайың ауданының әкіміне қатаң сөгіс жарияланды

Жарқайың ауданының әкімі Жанболат Хамитовке Ақмола облысының әкімі Марат Ахметжановтың су тасқынының салдарын жою жөніндегі бірқатар тапсырмаларын тиісінше орындамағаны үшін қатаң сөгіс жарияланды. Жарқайың ауданының...

Қала көшелерінде егеуқұйрық және антисанитария: Ерейментау ауданының әкімі қатаң сөгіс алды

«Ерейментау ауданының әкімі Нұрлан Мұқатовқа қоқыс шығару бойынша жұмыстың тиісті деңгейінде жүргізілмегені үшін қатаң сөгіс жарияланды», - деп хабарлайды Ақмола облысы әкімдігінің баспасөз қызметінен. Аудан...