Бүгін, 18 қаңтарда Ақмола облысы ТЖД-дегі брифинг барысында Ақмола облысы Төтенше жағдайлар департаменті бастығының орынбасары Қанат Доспаев, Ақмола облысы санитарлық-эпидемиологиялық бақылау департаменті басшысының орынбасары Серік Омарханов және Көкшетау қаласы Христов кафедралды соборының өкілі қасиетті әке Василий «Крещение Господне» мерекесінің Ақмола облысында қалай өтетіні туралы айтып берді, деп хабарлайды Ақмола облысы ТЖД баспасөз қызметі.
Жыл сайын, қаңтардың он тоғызы, православ христиандарының басты мерекелерінің бірі – Крещение Господне рәсімін атап өтеді. Бұл күнгі басты мерекелік рәсім – ойықта шомылу болып табылады. Сонымен қатар, қолайсыз эпидемиологиялық жағдайды ескере отырып, ағымдағы жылы, 2021 жылдағыдай, шомылдыру рәсімдерін өткізуге бірқатар шектеулер бар. Суды тазарту барлық ғибадатханалардың аумағында өтетін болады.
«Облыста короновирустық инфекциямен сырқаттанушылықтың өсуіне байланысты эпидемиологиялық жағдайдың нашарлауына және республикада «Омикрон» короновирус штаммы нұсқасының таралуына байланысты шектеу шаралары қолданылады. Қолданыстағы санитарлық ережелерге сәйкес бүгінгі таңда бізде бұқаралық іс-шараларды өткізуге, оның ішінде шомылдыру рәсімдерін өткізуге тыйым салынған», – деді С.Омарханов.
Өткен жылдардың тәжірибесінен көрсетілген күндері облыс орталығында, сондай-ақ, Қопа, Зеренді, Щучье және Бурабай көлдерінде шомылу орындарына жаппай бару байқалды, 2021 жылы Ақмола облысының су айдындарында 18 мыңнан астам адам, Көкшетау қаласында 5 мыңнан астам адам шомылды.
«Құдайдың ғибадатханаларында адамдардың көп шоғырлануы орын алмайды, 10 адамнан кіріп отырады. Әрине, барлығы қашықтықты, бетперде режимін, тыныштықты, тәртіп пен шыдамдылықты сақтауы керек», – деді Василий Качанкин.
«Азаматтардың суға шомылу және су алу учаскелерінде қауіпсіздігін ұйымдастыру мақсатында Департамент құқықтық тәртіп, денсаулық сақтау органдарымен және жергілікті атқарушы органдардың өкілдерімен бірлесіп, қоғамдық тәртіпті қамтамасыз ету және уақтылы медициналық көмек көрсету бойынша кезекшілікті жүзеге асыратын болады», – деп қорытындылады Қ.Доспаев.
Ақмола облысы ТЖД баспасөз қызметі.