Сенбі, Шілде 27, 2024
15.2 C
Kokshetau
14 C
Nur-Sultan
24 C
Almaty
ЖаңалықтарҚоғамБілім көкжиегіАқмола облысында ұлттық спорт түрлері бойынша жарыстар өтті

Ақмола облысында ұлттық спорт түрлері бойынша жарыстар өтті

Биылғы жылғы қарашаның 16-19 аралығында «Bolashaq saraiy» жанындағы «Сұңқар» сауықтыру кешенінде, «Ұлттық Мектеп лигасы» бағдарламасында Ақмола облысының жалпы білім беретін мектептерінің 5-6 сынып оқушылары арасында ұлттық спорт түрлері (тоғызқұмалақ, асық ату,бес асық ) бойынша жарыстар ұйымдастырылды.

Шараны Ақмола облысы білім басқармасының Облыстық балалар-жасөспірімдер туризмі, өлкетану және экология орталығы ұйымдастырды.

Облыстың 11 ауданы мен 2 қаласынан 130-дан астам жас спортшылар қатысты. Ал «Bolashaq saraiy» оқушылар сарайының тәрбиеленушілері сынақтан тыс қатысты.

Ұйымдастырушылардың айтуынша, аталмыш жарыстар балаларды дене шынықтырумен және спортпен тұрақты шұғылдануға тартып, спорт шеберлігін арттырып және салауатты өмір салтын насихаттаумен ғана шектелмей, сондай – ақ ұлттық спорт түрлерін дәріптеу мақсатында ұйымдастырылды. Оқушылар үшін бұл іс-шара нағыз алғашқы спорттық мереке болды.

Жарыс барысында Бурабай, Бұланды,Біржан сал, Есіл, Ерейментау аудандары, Көкшетау және Степногорск қ. мектептерінің балалары жақсы нәтиже көрсетті.

Жеңімпаздар мен жүлдегерлерге медальдар мен естелік сыйлықтар табысталды.

- Жарнама -Newspaper WordPress Theme

Соңғы жаңалықтар

Бурабайда мас күйінде көлігін айдаған Қостанайдың Бас имамы ұсталды

Қостанайдың Бас имамы Бурабайда мас күйінде көлігін айдаған сәтінде ұсталды. Полиция мас имамның үстінен әкімшілік хаттама толтырып, 15 тәулікке қамады. Имам Бурабайдың көрікті жерлерінде...

Бурабайда Қазақстанда баламасы жоқ мультимедиалық интерактивті кешен ашылды

Бурабай курортындағы Абылай хан алаңында қайта жаңартудан кейін мультимедиалық интерактивті кешеннің (МИК) салтанатты ашылуы өтті. Қайта жаңарту мақсаттарының бірі - Мемлекет басшысының туризмді дамыту жөніндегі...

Жас маман – еліміздің шамшырағы!

Қоғамда өз ісіне берік, ақыл парасаты мол жас мамандар баршылық. Ел Президентіміз «Болашақ жастардың қолында» деп үнемі айтып, бүгінде жастарға барынша мемлекет тарапынан қолдау...

Жарқайың ауданының әкіміне қатаң сөгіс жарияланды

Жарқайың ауданының әкімі Жанболат Хамитовке Ақмола облысының әкімі Марат Ахметжановтың су тасқынының салдарын жою жөніндегі бірқатар тапсырмаларын тиісінше орындамағаны үшін қатаң сөгіс жарияланды. Жарқайың ауданының...

Қала көшелерінде егеуқұйрық және антисанитария: Ерейментау ауданының әкімі қатаң сөгіс алды

«Ерейментау ауданының әкімі Нұрлан Мұқатовқа қоқыс шығару бойынша жұмыстың тиісті деңгейінде жүргізілмегені үшін қатаң сөгіс жарияланды», - деп хабарлайды Ақмола облысы әкімдігінің баспасөз қызметінен. Аудан...