Пятница, 28 марта, 2025
ЖаңалықтарҚоғамАқмола облысында Ұлы даланың ағартушысы туралы адалдық сағаты өтті

Ақмола облысында Ұлы даланың ағартушысы туралы адалдық сағаты өтті

Сондай-ақ, оқыңыз...

Кезекті «Адалдық сағаты» қазақтың аса көрнекті ағартушы-педагогі, жазушы, этнограф, фольклоршы ғалым, ұлт ұстазы Ыбырай Алтынсаринге арналды.

Қазақ даласында білімнің шырағын жаққан Ыбырай Алтынсарин бар ғұмырын қазақ балаларын оқыту жолында өткізген.

Сол мақсатпен алғаш рет балаларға арнап мектеп ашып, ана тілімізде оқулық жазған.

Ағартушы оқулықты жазудағы мақсатын «Қазақ христоматиясының» алғы сөзінде: «Бұл кітапты құрастырғанда мен кітаптың орыс-қазақ мектептерінде тәрбиеленіп жүрген қазақ балаларына оқу кітабы бола алу жағын, сонымен қатар, жалпы халықтың оқуына жарайтын кітап бола алу жағын көздедім…» деп тұжырымдаған.

Қазақ жастары арасында білім беруді дамытудың маңыздылығын Алтынсарин өзінің басқа да көптеген шығармаларында сипаттаған.

Олардың қатарына «Өсиет өлеңдер», «Әй, жігіттер» сияқты тағы да басқа туындыларын жатқызуға болады. Бұл өлеңдерінде биік адамгершілік тұрғысынан ұрлық-қарлықты, астамсу, әділетсіздікті сынап, еңбексіздікті, ескілікті салттардың зияндығын көрсетіп, адал еңбектің адамгершілік мінез-құлықтың артықшылықтарын бейнелейді.

«Кел, балалар, оқылық» өлеңінде ақын қазақ ауыз әдебиетінің дәстүрлерін шебер пайдаланып, білім мен надандықты, жақсылық пен жамандықты қатар алып, салыстырып отырды.

Ы. Алтынсариннің шығармалары бүгінгі күнге дейін заманауи білім беру жүйесінің негізі болып табылады.

Жазушының адамгершілік туралы идеялары эстетикалық тәрбиемен байланыста, бірімен-бірі ұштастырыла суреттеліп отырады.

Қазақ даласына азаттық идеясы тарай бастаған тұста жаңа поэзияның бастаушысы, білімнің көшбасшысы, алғашқы ұстазы болып Ыбырай Алтынсарин қашан да тарих биігінде тұра берері хақ.

Ұлт ұстазы біздің тарихымызда өшпес із қалдырды. Оның арманы – халықтың гүлденген болашағына нық сеніммен қарайтын білімді жастар болды.

Бейне-сабақ өңірлік телеарна эфирінде көрсетіліп, сондай-ақ әлеуметтік желілерде орналастырылды.

Бейне-дәріске сілтеме: https://youtu.be/nucWdy4gOsY

spot_img
- Жарнама -Newspaper WordPress Theme

Соңғы жаңалықтар

Мемлекеттік көрсетілетін қызметтердің қолжетімділігі – кәсіпкерлікке жағдай жасаудың құралы

2024 жылы Ақмола облысында 8 миллионға жуық мемлекеттік қызметтер көрсетілді.  Қызметтердің біраз түрі кәсіпкерлік жүргізу үшін ерекше маңызды сипақта ие, олар: құрылыс кезінде рұқсаттар...

Құны 5 миллиард теңгеден астам инвестициялық жобаны іске асыруға кәсіпкердің құқықтары қалпына келтірілді

ҚР Мемлекеттік қызмет істері агенттігінің Ақмола облысы бойынша департаменті Бурабай ауданының прокуратурасымен бірлесіп, құны 5 миллиард теңгеден асатын жобаны іске асыруға «Минеральные источники» жауапкершілігі...

Мемлекеттік әкімшілік қызметшілердің қызметін бағалаудың кейбір мәселелері талқыланды

ҚР Мемлекеттік қызмет істері агенттігінің Ақмола облысы бойынша департаменті жергілікті атқарушы органдардың персоналды басқару қызметтері өкілдерімен онлайн семинар өткізді. Семинар барысында мемлекеттік әкімшілік қызметшілердің қызметін...

ҚР МҚІА департаменті 1,5 миллиард теңгеге шаруа қожалығының құқығын қорғады

ҚР Мемлекеттік қызмет істері агенттігінің Ақмола облысы бойынша департаменті бұрын ауыл шаруашылығын жүргізу үшін ауданы 2000 гектар жер учаскесін жалға алу мерзімін ұзартудан бас...

«Е-қызмет» жүйесінде жұмыс істеу бойынша онлайн мастер-класс

Бүгін ҚР Мемлекеттік қызмет істері агенттігінің Ақмола облысы бойынша департаментінің  бастамасымен «Е-қызмет» жүйесінде жұмыс істеу бойынша онлайн мастер-класс өтті. Мастер-класқа жергілікті атқарушы органдардың персоналды...