Четверг, 21 ноября, 2024
ЖаңалықтарЭкономикаАқмола облысында мал шаруашылығы саласына субсидияны қалай алуға болады?

Ақмола облысында мал шаруашылығы саласына субсидияны қалай алуға болады?

Сондай-ақ, оқыңыз...

Ақмола облысында мал шаруашылығы саласын дамытуға ерекше көңіл бөлінеді. Мәселен, өткен жылы мемлекеттік қолдау аясында мал шаруашылығын субсидиялауға 10,6 млрд.теңге, ағымдағы жылы — 4,6 млрд. теңге бөлінді.

Тауар өндірушілерге бюджеттік субсидиялар екі негізгі бағыт бойынша беріледі: асыл тұқымды мал шаруашылығын дамытуға және мал шаруашылығының өнімділігін және өнім сапасын арттыруға.

Асыл тұқымды мал шаруашылығын дамытуды субсидиялау асыл тұқымды малды, асыл тұқымды тұқымдық бұқалардың құсын және ұрығын сатып алуды, селекциялық және асыл тұқымдық жұмыс жүргізуді, ірі қара мал мен қойдың аналық басын қолдан ұрықтандыру жөніндегі жұмыстарды ұйымдастыруды субсидиялау сияқты негізгі ұстанымдарды қамтиды.

Мал шаруашылығының өнімділігі мен өнім сапасын арттыруға субсидиялар сүтті, құс етін, тағамдық жұмыртқаны өндіруді және өткізуді субсидиялауды, сондай-ақ бұқашықтарды бордақылау алаңдары мен ет комбинаттарына өткізуді субсидиялауды білдіреді.

Мал шаруашылығы саласында субсидиялар алу үшін subsidy.plem.kz порталында субсидиялаудың ақпараттық жүйесі (САЖ) арқылы көрсетілетін «Асыл тұқымды мал шаруашылығын дамытуды, мал шаруашылығының өнімділігін және өнім сапасын арттыруды субсидиялау» мемлекеттік қызметі көзделген.

Өтінімдерді қарау тәртібі, сондай-ақ субсидиялар алуға үміткер тауар өндірушілерге қойылатын өлшемшарттар Асыл тұқымды мал шаруашылығын дамытуды, мал шаруашылығының өнімділігін және өнім сапасын арттыруды субсидиялау қағидаларында айқындалған.

Субсидия алу үшін өтініш берушілерге ЭЦҚ көмегімен Рlem.kz порталында селекциялық және асылдандыру жұмысының ақпараттық базасында тіркелу қажет, онда таңдалған субсидиялау бағытына байланысты қажетті ақпарат (мал басы, зоотехникалық оқиғалар, жемшөпті, мал шаруашылығы өнімдерін талдау нәтижелері және т.б.) енгізіледі.

Субсидияларды төлеу берген субсидияларды алуға үміткер тауар өндірушілерге қойылатын өлшемшарттарға сай келетін, берілген өтінімдер негізінде жүзеге асырылады.

Өтінімді қарау мерзімі — оны САЖ-да тіркеген сәттен бастап 2 жұмыс күні. Бұдан әрі тауар өндіруші көрсеткен тіркеу кезінде электрондық пошта мекенжайына және көрсетілетін қызметті алушының САЖ-да «жеке кабинетіне» субсидиялар алуға арналған өтінімді қарау нәтижелері туралы хабарлама не мемлекеттік қызмет көрсетуден бас тарту туралы дәлелді жауап жіберіледі.

Өтінім қабылданғаннан кейін, егер қаржыландыру жоспарына сәйкес ағымдағы айда субсидиялауға ақшалай қаражат болса, қаражатты алушылардың шоттарына аудару 2 жұмыс күні ішінде жүргізіледі. Ағымдағы айда қаражат болмаған жағдайда, төлем келесі айда жүргізіледі.

spot_img
- Жарнама -Newspaper WordPress Theme

Соңғы жаңалықтар

Ақмола облысы цифрландыру және архивтер басқармасының басшысы тағайындалды

Ақмола облысы әкімінің өкімімен Мағжан Қайратұлы Ержан Ақмола облысы цифрландыру және архивтер басқармасының басшысы болып тағайындалды. Мағжан Қайратұлы Еуразия технологиялық университетін, Қазақ Еңбек және әлеуметтік қатынастар...

Ақмолада Мемлекеттік бюджетті атқару кезінде жемқорлық тәуекелдері бойынша бухгалтерлерге арналған семинар өткізілді

Сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызметтің Ақмола облысы бойынша департаментімен бюджеттік бағдарламалардың әкімшілері, білім беру және спорт саласындағы ұйымдардың бухгалтерлері үшін мемлекеттік бюджетті атқару кезіндегі сыбайлас...

296 фермердің 618 млн. теңгеден астам сомаға субсидия алу құқығы қалпына келтірілді

ҚР Мемлекеттік қызмет істері агенттігінің Ақмола облысы бойынша департаменті қызмет берушінің кінәсінен «Саны зияндылықтың экономикалық шегінен жоғары зиянды және аса қауіпті зиянды организмдерге және...

Көкшетауда Тұрлыхожа Базаровтың 75 жылдығына арналған шығармашылық кеш өтті

1 қараша күні Үкілі Ыбырай атындағы Ақмола облыстық филармониясында «Құрмет» ордені мен «Ерен еңбегі үшін» медалінің иегері Тұрлыхожа Базаровтың 75 жылдығына арналған «Күмбірлеткен кеудемді...

Ақмола облысында қызметтік автокөлікті қызметтік емес мақсатта пайдаланудың 21 фактісі анықталды

ҚР Мемлекеттік қызмет істері агенттігінің Ақмола облысы бойынша департаментімен орталық мемлекеттік органдардың аумақтық бөлімшелері мен жергілікті атқарушы органдардың қызметтік автокөлікті жеке мақсатта пайдалануға тыйым...