Среда, 27 ноября, 2024
ЖаңалықтарҚоғамАқмола облысында мемлекеттік мекеменің лауазымды тұлғасына ұжымның қатысуымен үкім жарияланды

Ақмола облысында мемлекеттік мекеменің лауазымды тұлғасына ұжымның қатысуымен үкім жарияланды

Сондай-ақ, оқыңыз...

Мемлекеттік қызметшілер арасында сыбайлас жемқорлықтың алдын алу аясында Ақмола облысы бойынша Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл департаментінің бастамасымен Көкшетау қалалық сотының онлайн отырысы өтті, онда облыстық Мәдениет басқармасының Тарихи-мәдени мұраны қорғау және пайдалану орталығының лауазымды тұлғасына қатысты сыбайлас жемқорлық қылмыстық іс бойынша үкім шығарылды.

Сыбайлас жемқорлық әрекеттерінің салдары туралы мемлекеттік қызметшілердің санасына әсер ету және қайта сыбайлас жемқорлық құқық бұзушылықтарын жасауға жол бермеу мақсатында сотталушының әріптестері онлайн режимінде сот процесін бақылады.

Отырыс соңында өңірдің Сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызметінің Превенция басқармасы басшысының орынбасары Еркін Рашидов сөз сөйлеу барысында мемлекеттік мекеме ұжымын сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл заңнамасының маңызды нормалары, Сыбайлас жемқорлыққа қарсы саясат тұжырымдамасының бағыттары және жобалық басқару тәсілдері, сондай-ақ сыбайлас жемқорлық фактілері туралы хабарлағаны үшін көтермелеу жүйесі туралы хабардар ете отырып, сыбайлас жемқорлыққа қарсы шектеулерді, парасаттылық қағидаттарын және этикалық нормаларды мүлтіксіз сақтауға шақырды.

Айта кетейік, үкім заңды күшіне енген жоқ.

spot_img
- Жарнама -Newspaper WordPress Theme

Соңғы жаңалықтар

Алмас Алин Қорғалжын ауданының әкімі болып тағайындалды

Ақмола облысы әкімінің 2024 жылғы 25 қарашадағы өкімімен, сондай-ақ, ҚР Президенті Әкімшілігінің және мәслихат депутаттарының келісімімен Алмас Аянұлы Алин Қорғалжын ауданының әкімі болып тағайындалды. Ауданның...

Ақмола облысы цифрландыру және архивтер басқармасының басшысы тағайындалды

Ақмола облысы әкімінің өкімімен Мағжан Қайратұлы Ержан Ақмола облысы цифрландыру және архивтер басқармасының басшысы болып тағайындалды. Мағжан Қайратұлы Еуразия технологиялық университетін, Қазақ Еңбек және әлеуметтік қатынастар...

Ақмолада Мемлекеттік бюджетті атқару кезінде жемқорлық тәуекелдері бойынша бухгалтерлерге арналған семинар өткізілді

Сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызметтің Ақмола облысы бойынша департаментімен бюджеттік бағдарламалардың әкімшілері, білім беру және спорт саласындағы ұйымдардың бухгалтерлері үшін мемлекеттік бюджетті атқару кезіндегі сыбайлас...

296 фермердің 618 млн. теңгеден астам сомаға субсидия алу құқығы қалпына келтірілді

ҚР Мемлекеттік қызмет істері агенттігінің Ақмола облысы бойынша департаменті қызмет берушінің кінәсінен «Саны зияндылықтың экономикалық шегінен жоғары зиянды және аса қауіпті зиянды организмдерге және...

Көкшетауда Тұрлыхожа Базаровтың 75 жылдығына арналған шығармашылық кеш өтті

1 қараша күні Үкілі Ыбырай атындағы Ақмола облыстық филармониясында «Құрмет» ордені мен «Ерен еңбегі үшін» медалінің иегері Тұрлыхожа Базаровтың 75 жылдығына арналған «Күмбірлеткен кеудемді...