Сенбі, Шілде 27, 2024
15.2 C
Kokshetau
14 C
Nur-Sultan
24 C
Almaty
ЖаңалықтарҚоғамМемлекеттік қызметАқмола облысында мемлекеттік қызметшілер кәсіпкердің заңсыз бұзылған құқықтарын қалпына келтірді

Ақмола облысында мемлекеттік қызметшілер кәсіпкердің заңсыз бұзылған құқықтарын қалпына келтірді

Қазақстан Республикасы Мемлекеттік қызмет істері агенттігінің Ақмола облысы бойынша департаменті жер учаскесінің шекарасын белгілеу кезінде кедергілерге тап болған кәсіпкердің бұзылған құқықтарын қалпына келтірді.

Осылайша, кәсіпкер Е. Көкшетау қаласының жер комиссиясына қолданыстағы бизнес үшін жер учаскесін кеңейту үшін жүгінген. Комиссия жер учаскесін беру үшін оң қорытынды берді.

Бұдан әрі комиссия қорытындысы негізінде өтініш беруші жерге орналастыру жобасын әзірлеп, оны Көкшетау қаласының жер қатынастары, сәулет және қала құрылысы бөлімімен бекітті.

Сонымен қатар, мемлекеттік орган көршілес жер учаскелерінің меншік иелері өтініш білдіргеннен кейін мүдделі тұлғалардың келісімінің жоқтығына сілтеме жасай отырып, жерге орналастыру жобасын бекіту туралы бұйрығының күшін жойды.

Мұндай шешіммен келіспей, кәсіпкер Департаментке шағым түсірді. Департаменттің лауазымды тұлғалары өтінішті қарау барысында бөлім басшылығына және өтініш берушіге заң шығарушы қолайлы әкімшілік актінің күшін  қандай жағдайда жоюға мүмкіндік беретіндігі туралы түсіндірме берді.

Соның нәтижесінде Бөлім Департаменттің ұстанымымен және өтініш берушінің дәлелдерімен келісе отырып, оның жерге орналастыру жобасын бекіту туралы бұйрығын қалпына келтірді, сондай-ақ көрші жер учаскелері иелерінің мүдделеріне байланысты дауларды реттеді.

- Жарнама -Newspaper WordPress Theme

Соңғы жаңалықтар

Бурабайда мас күйінде көлігін айдаған Қостанайдың Бас имамы ұсталды

Қостанайдың Бас имамы Бурабайда мас күйінде көлігін айдаған сәтінде ұсталды. Полиция мас имамның үстінен әкімшілік хаттама толтырып, 15 тәулікке қамады. Имам Бурабайдың көрікті жерлерінде...

Бурабайда Қазақстанда баламасы жоқ мультимедиалық интерактивті кешен ашылды

Бурабай курортындағы Абылай хан алаңында қайта жаңартудан кейін мультимедиалық интерактивті кешеннің (МИК) салтанатты ашылуы өтті. Қайта жаңарту мақсаттарының бірі - Мемлекет басшысының туризмді дамыту жөніндегі...

Жас маман – еліміздің шамшырағы!

Қоғамда өз ісіне берік, ақыл парасаты мол жас мамандар баршылық. Ел Президентіміз «Болашақ жастардың қолында» деп үнемі айтып, бүгінде жастарға барынша мемлекет тарапынан қолдау...

Жарқайың ауданының әкіміне қатаң сөгіс жарияланды

Жарқайың ауданының әкімі Жанболат Хамитовке Ақмола облысының әкімі Марат Ахметжановтың су тасқынының салдарын жою жөніндегі бірқатар тапсырмаларын тиісінше орындамағаны үшін қатаң сөгіс жарияланды. Жарқайың ауданының...

Қала көшелерінде егеуқұйрық және антисанитария: Ерейментау ауданының әкімі қатаң сөгіс алды

«Ерейментау ауданының әкімі Нұрлан Мұқатовқа қоқыс шығару бойынша жұмыстың тиісті деңгейінде жүргізілмегені үшін қатаң сөгіс жарияланды», - деп хабарлайды Ақмола облысы әкімдігінің баспасөз қызметінен. Аудан...