Департамент мемлекеттік қызметшінің өтініші бойынша тәртіптік жаза қолданудың заңдылығы мәселесі бойынша жазбаша түсініктеме талап етпеген мемлекеттік қызметшіге тәртіптік жаза қолдану туралы бұйрық шығару және теріс қылық жасау фактісімен келісімнің болмауы туралы белгіленген.
Мемлекеттік қызметшілерге тәртіптік жаза қолдану қағидаларына сәйкес, тәртіптік теріс қылық туралы мәліметтер негізінде кадр қызметі қызметшіден жазбаша түсініктеме талап етеді, ол оларға талап етілген күннен бастап екі жұмыс күні ішінде ұсынылады.
Егер мемлекеттік қызметші өзінің жазбаша түсіндірмесінде теріс қылық жасау фактісімен келіспеген жағдайда, онда осы Қағидаларда айқындалған тәртіпке сәйкес қызметтік тергеп-тексеру жүргізілуге тиіс.
Қызметшіні тәртіптік жауапкершілікке тарту туралы Акт жойылып, мемлекеттік қызметшінің құқықтары қалпына келтірілді.
Мемлекеттік органдарға мемлекеттік қызметшілерге тәртіптік жаза қолдану тәртібін қатаң сақтау ұсынылады.
Департамент мемлекеттік қызметшілердің құқықтарын қорғау және қалпына келтіру жөніндегі жұмысты жалғастырады.