Вторник, 14 января, 2025
ЖаңалықтарҚоғамАқмола облысында мемлекеттік қызметтердің 91 пайыздан астамы электрондық форматта көрсетіледі

Ақмола облысында мемлекеттік қызметтердің 91 пайыздан астамы электрондық форматта көрсетіледі

Сондай-ақ, оқыңыз...

«Antikor.Live» жобасы аясында Ақмола облысы бойынша Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл департаментінің әлеуметтік желілердегі парақшаларында кезекті тікелей эфирде облыс әкімі аппаратының мемлекеттiк қызметтердің ұсынылуын талдау бөлiмiнің басшысы Данагүл Жұмабек мемлекеттік қызметтердің сапасы мен қолжетімділігін қамтамасыз ету туралы айтып берді.

Бөлім басшысының айтуынша, мемлекеттік қызметтер тізілімінде қарастырылған жергілікті атқарушы органдар көрсететін 172 қызмет түрінің 157-сі немесе 91,3 пайыз Еgov порталы арқылы жүзеге асырылады.

«Мемлекеттік қызметтердің негізгі бөлігі тегін көрсетіледі, бұл шамамен 86 пайыз. Ақылы қызметтер тек рұқсат беру құжаттары бойынша жүзеге асырылады, сонымен қатар азаматтық хал актілеріне әсер етеді, осы жағдайларда мемлекеттік баж салығын төлеу қажет. ҚР Сыбайлас жемқорлыққа қарсы стратегиясын іске асыру жөніндегі 2021-2023 жылдарға арналған іс — шаралар жоспары аясында мемлекеттік органдардың алдында «жасырын» мемлекеттік қызметтерді анықтау және оларды тиісті Тізілімге енгізу, сондай-ақ мемлекеттік қызметтерді барынша цифрландыруды қамтамасыз ету міндеті тұр», — деді эфир қонағы.

Мемлекеттік қызмет көрсетудің сапасы мен қолжетімділігін арттыру бойынша облыстық ЖАО қандай жұмыстар жүргізіп жатқанын айта келе, Данагүл Жұмабек қызмет көрсету кезінде қандай да бір бұзушылықтарға жол бермеу мақсатында күн сайын мониторинг және бақылау жүргізілетінін атап өтті. Өткен кезеңде 111 бақылау іс-шарасы өткізілді, оның қорытындысы бойынша әртүрлі тәртіптік жазалар шығара отырып, 252 ұсыным әзірленді.

«Өңірдің әрбір тұрғынының мемлекеттік қызмет көрсету сапасына қанағаттану деңгейін арттыру біз үшін басым бағыт болып табылады. Осы тұрғыда, бүгінгі таңда облыстың барлық 19 өңірінде «сервистік әкімдіктер» жұмыс істейді, онда азаматтар қажетті мемлекеттік қызметтерді бір жерден ала алады. Сондай — ақ, ауылдық округтерде де халыққа қызмет көрсетудің «сервистік» форматына көшу жүзеге асырылуда», — деді спикер.

Сонымен қатар, Данагүл Жұмабектің айтуынша, ауылдық округ әкімдіктерінің ғимараттарында, денсаулық сақтау, білім беру ұйымдарында 1016-дан астам «Еgov.kz» өзіне-өзі қызмет көрсету бұрыштары ұйымдастырылып, жұмыс істеуде. ЖАО-ның құзыреті шеңберінде мемлекеттік қызметтерді көрсету тәртібі және азаматтардан ақпараттық жүйелерден алуға болатын анықтамаларды талап етпеу туралы ақпараттық-түсіндіру жұмыстары жүргізіледі. «Egov Mobile» мобильдік қосымшасын пайдалану жөніндегі ақпарат 229 баннерде, сондай-ақ ЖАО-ның ресми интернет-ресурстарында орналастырылған.

spot_img
- Жарнама -Newspaper WordPress Theme

Соңғы жаңалықтар

Жайлылық пен сапа: Ақмола облысында заманауи жатақханалар ашылуда

Жыл басында  өңірде студенттер үшін жаңа заманауи жатақханалар пайдалануға беріледі. Бұл  оларды жайлы баспанамен қамтамасыз етудегі маңызды қадам  болмақ. Жаңа жатақхана студенттердің тұрғын үй...

Мемлекеттік қызметтерді көрсету саласында 15 мыңға жуық құқық бұзушылық анықталды

Бүгін Өңірлік коммуникациялар қызметі алаңында ҚР Мемлекеттік қызмет істері агенттігінің Ақмола облысы бойынша департаментінің басшысы Думан Әбілевтің қатысуымен Департаменттің 2024 жылғы қызметінің қорытындысы бойынша...

Ақмола облысында мемлекеттік қызметтегі басшы әйелдердің үлесі 43,4% құрайды

ҚР Мемлекеттік қызмет істері агенттігінің Ақмола облысы бойынша департаменті 2024 жылғы қызметін қорытындылады. Бұл туралы Департамент басшысы Думан Әбілев Өңірлік коммуникациялар қызметі алаңында өткен...

Онлайн режимде мемлекеттік қызметке іріктеу бойынша 1683 конкурс өтті

ҚР Мемлекеттік қызмет істері агенттігінің Ақмола облысы бойынша департаментінің басшысы Думан Әбілев Өңірлік коммуникациялар қызметінің алаңында өткен брифинг барысында eqyzmet.gov.kz жүйесінде мемлекеттік қызметке іріктеу...

Ақмола облысында 528 мемлекеттік қызметшінің құқығы қорғалды

Бұл туралы бүгін Өңірлік коммуникациялар қызметі алаңында өткен брифинг барысында ҚР Мемлекеттік қызмет істері агенттігінің Ақмола облысы бойынша департаментінің басшысы Думан Әбілев мәлімдеді. Спикердің айтуынша...