Ақмола облысында «Менің кіші Отаным!» атты зерттеу жұмыстары мен ғылыми жобалардың облыстық сырттай байқауы онлайн-режимде өтті.
Облыстық білім басқармасының жанындағы облыстық балалар мен жасөспірімдер туризмі, өлкетану және экология орталығы ұйымдастырған шара дарынды оқушыларды және олардың шығармашылық қабілеттерін анықтауға ықпал етеді.
Облыстық кезеңіне байқаудың бірінші аудандық, қалалық кезеңінен өткен 13 аудан мен Степногорск және Көкшетау қаласынан 114 оқушы қатысты.
«Қатысушылардың жұмысын Көкшетау қаласының тарихы музейінің аға қызметкерлері, Көкшетау қаласының білім беру ұйымдарының мұғалімдері, облыстық балалар мен жасөспірімдер туризмі, өлкетану және экология орталығының әдіскерлері бағалады», — дейді ұйымдастырушылар.
Байқау 4 аталым бойынша өткізілді: «Менің кіші Отанымның тарихы» — бұл аталымында қатысушылар өздерінің елді мекеннің тарихын бейне репортаждар ұсынды. «Менің кіші Отанымның символы» — бұл аталымында байқау қатысушылары жануарға, өсімдікке, адамға, құбылысқа және тағы басқалары туралы бейнебаян ұсынды. «Менің кіші Отанымның болашағы» — аталымы бойынша қатысушылар – макет презентация түрінде жұмыстарын қорғады. «Менің туған өлкем» — аталымы бойынша қатысушылар өздерінің елді мекені туралы эссе жазды.
«Шын мәнінде, маған қаламыздың тарихы, ескерткіштер, қандай да бір тарихи құрылыстар туралы білу әрқашан қызықты болды. Мен осындай байқаудың өткізілуін көргенде, Мен бірден қатысуға шешім қабылдадым», -деп бөлісті конкурсқа қатысушы, Көкшетау қаласы №10 орта мектептің 10 сынып оқушысы Милана Подвительская.
Біріншілік қорытындысы бойынша І дәрежелі дипломға — 4 оқушы, ІІ дәрежелі дипломға — 8 оқушы, ІІІ дәрежелі дипломға – 8 оқушы ие болды. Жұмыс барысында Жақсы, Ақкөл, Бурабай аудандарының, Степногорск қаласының оқушылары жақсы нәтижелер көрсетті.