Сенбі, Шілде 27, 2024
14.7 C
Kokshetau
11 C
Nur-Sultan
22 C
Almaty
ЖаңалықтарЭкономикаАқмола облысында МЖӘ шеңберінде 81 жоба жүзеге асырылуда

Ақмола облысында МЖӘ шеңберінде 81 жоба жүзеге асырылуда

Ақмола облыстық ішкі саясат басқармасының мәліметінше, бүгінгі таңда облысымызда экономиканың алты саласы бойынша мемлекеттік жекешелік әріптестік шеңберінде 81 жоба іске қосылған. Оның ішінде басым көпшілігі білім беру және денсаулық сақтау саласы бойынша. Осы ретте, жеке инвестициялардың негізгі үлесі білім беру саласына тиесілі – 64 жоба.

Қазіргі кезде сенімгерлік басқаруға 45 нысан – сегіз балабақша мен 37 мектеп асханасы берілді. Жеке қаржылық бастама аясында бес балабақша ашылды. 12 мектеп асханасын сенімгерлік басқаруға беру және екі мектеп салу бойынша 14 жоба жоспарлау сатысында тұр.

Денсаулық сақтау сияқты маңызды салада жеті жоба жүзеге асырылуда. Бурабай ауданының аудандық ауруханасы мен емханасы және Степногорск мен Көкшетау қалаларының емханалары сенімгерлік басқаруға берілді.

Көлік саласында құны 4,5 миллиард теңге болатын төрт жоба бойынша 1,3 миллиард теңге сомаға мемлекеттік міндеттемелерді қабылдаумен шарттар жасалды. Инвестициялар арқасында «Көкшетау автобус паркі» ЖШС 74 жаңа жайлы автобус және «Сейнур» фирмасы» ЖШС 20 автобус сатып алды.

Тұрғын үй құрылысы саласында облыс орталығына жақын орналасқан Краснояр ауылындағы 32 пәтерлі тұрғын үйлерді қалпына келтіру бойынша үш жоба жүзеге асырылды. Құрылыстар қалпына келтірілді, пәтерлердің бір бөлігі әкімдікке берілді, бір бөлігі инвесторлар сатты.

Табиғатты қорғау саласында Атбасар ауданының Сепе ауылындағы бөгетті одан әрі пайдаланумен күрделі жөндеу жұмыстарын жүргізуге шарт жасалды. Енді бөгетті пайдалану, оны тиісті жағдайда ұстап отыру кәсіпкерге жүктеледі. Жазда тұрғындар бақшаларды суару, малға күтім жасау үшін суды тегін алады, балық аулайды, енді үйлерін су басу қаупі жоқ.

«Жобалар өте маңызды, олар түрлі салаларда жасалған. Басқа салаларда жасалатын жобаларға қатысты міндетті түрде «мемлекеттік міндеттемелерді қабылдаумен» деген сөз тіркесі болады. Солай болуы керек. Мемлекет пен бизнестің жауапкершілігі ынтымақты, шарт талаптарының сақталуы қатаң бақылануы тиіс», – дейді облыстьық экономика және бюджеттік жоспарлау басқармасының мамандары.

- Жарнама -Newspaper WordPress Theme

Соңғы жаңалықтар

Бурабайда мас күйінде көлігін айдаған Қостанайдың Бас имамы ұсталды

Қостанайдың Бас имамы Бурабайда мас күйінде көлігін айдаған сәтінде ұсталды. Полиция мас имамның үстінен әкімшілік хаттама толтырып, 15 тәулікке қамады. Имам Бурабайдың көрікті жерлерінде...

Бурабайда Қазақстанда баламасы жоқ мультимедиалық интерактивті кешен ашылды

Бурабай курортындағы Абылай хан алаңында қайта жаңартудан кейін мультимедиалық интерактивті кешеннің (МИК) салтанатты ашылуы өтті. Қайта жаңарту мақсаттарының бірі - Мемлекет басшысының туризмді дамыту жөніндегі...

Жас маман – еліміздің шамшырағы!

Қоғамда өз ісіне берік, ақыл парасаты мол жас мамандар баршылық. Ел Президентіміз «Болашақ жастардың қолында» деп үнемі айтып, бүгінде жастарға барынша мемлекет тарапынан қолдау...

Жарқайың ауданының әкіміне қатаң сөгіс жарияланды

Жарқайың ауданының әкімі Жанболат Хамитовке Ақмола облысының әкімі Марат Ахметжановтың су тасқынының салдарын жою жөніндегі бірқатар тапсырмаларын тиісінше орындамағаны үшін қатаң сөгіс жарияланды. Жарқайың ауданының...

Қала көшелерінде егеуқұйрық және антисанитария: Ерейментау ауданының әкімі қатаң сөгіс алды

«Ерейментау ауданының әкімі Нұрлан Мұқатовқа қоқыс шығару бойынша жұмыстың тиісті деңгейінде жүргізілмегені үшін қатаң сөгіс жарияланды», - деп хабарлайды Ақмола облысы әкімдігінің баспасөз қызметінен. Аудан...