Ақмола облысында парасатты отбасы құндылықтарын насихаттауға бағытталған «Парасатты отбасы» байқауының қорытындысы шығарылды.
Іс-шараны Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл департаменті мен облыстық Білім басқармасы ұйымдастырды.
Байқау екі кезеңнен тұрды, бірінші кезеңде ұсынылған жұмыстар аудандық және қалалық деңгейлерде іріктеліп алынды, содан кейін облыстық «Парасатты отбасы» байқауының жеңімпаздары анықталды.
Қатысушылар өз байқау жұмыстарында отбасылық құндылықтар, адамгершілік қасиеттерді, отбасы мүшелері арасындағы достық қарым-қатынастарды қалыптастыру, саналы тұлғаны дамыту, сондай-ақ балалар мен жастарды әділеттілік пен сыбайлас жемқорлыққа төзбеушілік рухында тәрбиелеу туралы көзқарастарын көрсетті.
Эссе жазу кезінде басты назар отбасында, қоғамның маңызды бөлшегі ретінде жауапкершілік, адалдық, парасаттылық қасиеттері дағдыланады. Отбасы адам мен қоғам өмірінде үлкен рөл атқарады, оның маңыздылығын асыра бағалау мүмкін емес, сондықтан тек достық отбасы — барлық нәрселерде сәттіліктің кілті.
Байқау қорытындысы бойынша үздік жұмыстар Қорғалжын ауданынан Қартенбай, Зеренді ауданынан Арыстановтар және Біржан сал ауданынан Мәдиевтер отбасыларының эсселері анықталды. Екінші орынды Көкшетау және Степногорск қалаларының, сондай-ақ Астрахан және Целиноград аудандарының тұрғындары жеңіп алды. Үшінші орынға облыстың Ақкөл, Атбасар, Есіл, Жарқайың және Бурабай аудандарынан отбасылар ие болды.
Жеңімпаздардың барлық жұмыстары арнайы жинақта жарияланатын болады.