Вторник, 14 января, 2025
ЖаңалықтарҚоғамАқмола облысында саяси қуғын-сүргін құрбандарын ақтау жұмыстары жалғасуда

Ақмола облысында саяси қуғын-сүргін құрбандарын ақтау жұмыстары жалғасуда

Сондай-ақ, оқыңыз...

Ақмола облысында ҚР Президенті Қасым-Жомарт Тоқаевтың саяси қуғын-сүргін құрбандарын ақтау жөніндегі тапсырмасы бойынша 62 архив қоры Ақмола облысының мәдениет, архивтер мен құжаттамалар басқармасы жанында арнайы құрылған жұмыс тобымен зерттелуде.

Барлық қорлар зерттеушілерге қол жетімді. Ақмола облысының мәдениет, архивтер және құжаттама басқармасының «Ақмола облысының мемлекеттік архиві» КММ-де саяси қуғын-сүргін құрбандарына қатысты, сотсыз және тергеусіз атылған архив құжаттарын анықтау үшін тәжірибелі архившілерден жұмыс тобы құрылды.
Жұмыс 5 бағыт бойынша жүргізіледі: 1) депортацияланғандар, 2) таратылған бай-кулактарды тәркілеу бойынша, 3) 1921 жылы атылғандар, 4) 1920 жылғы көтеріліске қатысушылар, 5) саяси қуғын-сүргіннен зардап шеккендер.

Ақмола облысының мәдениет, архивтер және құжаттама басқармасы Көкшетау қаласының мемлекеттік архиві базасында саяси қуғын-сүргін құрбандары туралы ақпарат жинауды жүзеге асыру үшін жедел желі құрылды. Кейін ақталатын деректер базасын құру мақсатында қуғын-сүргінге ұшыраған, бірақ ақталмаған туыстары мен жерлестерінің есімдері; қазақстандықтардың саяси қуғын-сүргіндері туралы куәландыратын отбасылық жәдігерлер мен құжаттар туралы ақпарат жинау үшін; жаппай қуғын-сүргін құрбандарын жерлеу (ату) тарихи орындарында оларды өңірдің картасына түсіру, мәңгі есте қалдыру және жерлеу мақсатында шұғыл байланыс желісі құрылды: Архив телефоны: 8(7162)50-39-35; электрондық мекенжайы: info_repressia@aqmola.gov.kz.

Жедел желіні құру туралы мәліметтер «Көкшетау қаласының қалалық архиві» КММ kokshetau-archive.akmo.gov.kz сайтында, facebook және instaqram arhiv_kokshe парақшаларныда орналастырылған.

Бүгінгі күні жедел желіге 7 сауал келіп түсті, оның ішінде: 3-еуі таратылған бай-кулактарды тәркілеу бойынша, 2-еуі депортацияланғандар бойынша, 2-еуі саяси қуғын-сүргіннен зардап шеккендер бойынша.

Сауалдар ҚР Бас прокуратурасының Құқықтық статистика және мамандандырылған есепке алу жөніндегі комитетінің Ақмола облысы бойынша басқармасына жолданды.

spot_img
- Жарнама -Newspaper WordPress Theme

Соңғы жаңалықтар

Жайлылық пен сапа: Ақмола облысында заманауи жатақханалар ашылуда

Жыл басында  өңірде студенттер үшін жаңа заманауи жатақханалар пайдалануға беріледі. Бұл  оларды жайлы баспанамен қамтамасыз етудегі маңызды қадам  болмақ. Жаңа жатақхана студенттердің тұрғын үй...

Мемлекеттік қызметтерді көрсету саласында 15 мыңға жуық құқық бұзушылық анықталды

Бүгін Өңірлік коммуникациялар қызметі алаңында ҚР Мемлекеттік қызмет істері агенттігінің Ақмола облысы бойынша департаментінің басшысы Думан Әбілевтің қатысуымен Департаменттің 2024 жылғы қызметінің қорытындысы бойынша...

Ақмола облысында мемлекеттік қызметтегі басшы әйелдердің үлесі 43,4% құрайды

ҚР Мемлекеттік қызмет істері агенттігінің Ақмола облысы бойынша департаменті 2024 жылғы қызметін қорытындылады. Бұл туралы Департамент басшысы Думан Әбілев Өңірлік коммуникациялар қызметі алаңында өткен...

Онлайн режимде мемлекеттік қызметке іріктеу бойынша 1683 конкурс өтті

ҚР Мемлекеттік қызмет істері агенттігінің Ақмола облысы бойынша департаментінің басшысы Думан Әбілев Өңірлік коммуникациялар қызметінің алаңында өткен брифинг барысында eqyzmet.gov.kz жүйесінде мемлекеттік қызметке іріктеу...

Ақмола облысында 528 мемлекеттік қызметшінің құқығы қорғалды

Бұл туралы бүгін Өңірлік коммуникациялар қызметі алаңында өткен брифинг барысында ҚР Мемлекеттік қызмет істері агенттігінің Ақмола облысы бойынша департаментінің басшысы Думан Әбілев мәлімдеді. Спикердің айтуынша...