Пятница, 17 января, 2025
ЖаңалықтарҚоғамАқмола облысында Сайлауалды бағдарламаның орындалуы бойынша Жол картасын бекітті

Ақмола облысында Сайлауалды бағдарламаның орындалуы бойынша Жол картасын бекітті

Сондай-ақ, оқыңыз...

«Nur Otan» партиясы Ақмола облыстық филиалының Саяси Бюро кеңесінің отырысындаоблыстық филиалдың сайлауалды бағдарламасын іске асырудың Жол картасын бекіту туралы мәселе қаралды.

Облыстық филиалдың төрағасы, Ақмола облысының әкімі Ермек Маржықпаев атап өткендей, бекітуге ұсынылған жол картасы бұған дейін фракция отырысында талқыланған, ал алдағы бес жылда ол басқарушы партия депутаттары мен жергілікті атқарушы органдарының бірлескен жұмысының басты құжаты болмақ.

«Облыстың, аудандардың, қалалардың жол карталарының орындалуын бақылау жөніндегі жұмысқа барлық деңгейдегі мәслихаттардың депутаттары тартылатын болады. Тоқсан сайын іс-шаралар жоспарын орындау үшін оларға бекітілген нақты индикаторлар туралы уәкілетті органдар мен фракциялардың депутаттарының есептері тыңдалады. Депутаттар алдында тұрған негізгі міндеттер бюджет қаражатын пайдалану тиімділігін бақылауға қатысты», — деп атап өтті аймақ басшысы.

Отырыс барысында «Болашақ» сарайының директоры Айнагүл Балташева, «Жас Отан» ЖҚ Ақмола филиалының төрағасы Сұлтанбек Бекешев және Шортанды ауданының жеке кәсіпкері Ирина Жукова сөз алды.

Спикерлер ұсынылып отырған Жол картасының жобасы — бұл аймақтың әлеуметтік дамуына, тұрғындардың әл-ауқатын жақсартуға, тұрғындарға қолайлы жағдай жасауға бағытталған нақты жұмыс жоспары екендігіне баса назар аударып, Жол картасын бірауыздан бекітуді ұсынды.

Ақмола облысында алдағы 5 жылда 1948 көрсеткіш пен 5175 іс-шараны орындау көзделген. 2021 жылы «Nur Otan» партиясының сайлауалды бағдарламасы 16,4% ға, 2022 жылы – 38,3%-ға, 2023 жылы – 59,9%-ға, 2024 жылы – 80,3%-ға және 2025 жылы 100%-ға орындалатын болады.

Биылдың өзінде 27 медициналық нысанның 14-і, 119 мектептің 37-сі, 21 балабақшаның 5-еуі, 60 спорт нысанының 22-сі салынады. 5 жыл ішінде 3,4 млн шаршы метр тұрғын үй салынып, 80 мыңнан астам жұмыс орны ашылады және тағы да басқа істер атқарылады.

Саяси кеңес бюросының мүшелері «Nur Otan» партиясы Ақмола облыстық филиалының сайлауалды бағдарламасын жүзеге асырудың Жол картасын бірауыздан бекітті.

 

spot_img
- Жарнама -Newspaper WordPress Theme

Соңғы жаңалықтар

Жайлылық пен сапа: Ақмола облысында заманауи жатақханалар ашылуда

Жыл басында  өңірде студенттер үшін жаңа заманауи жатақханалар пайдалануға беріледі. Бұл  оларды жайлы баспанамен қамтамасыз етудегі маңызды қадам  болмақ. Жаңа жатақхана студенттердің тұрғын үй...

Мемлекеттік қызметтерді көрсету саласында 15 мыңға жуық құқық бұзушылық анықталды

Бүгін Өңірлік коммуникациялар қызметі алаңында ҚР Мемлекеттік қызмет істері агенттігінің Ақмола облысы бойынша департаментінің басшысы Думан Әбілевтің қатысуымен Департаменттің 2024 жылғы қызметінің қорытындысы бойынша...

Ақмола облысында мемлекеттік қызметтегі басшы әйелдердің үлесі 43,4% құрайды

ҚР Мемлекеттік қызмет істері агенттігінің Ақмола облысы бойынша департаменті 2024 жылғы қызметін қорытындылады. Бұл туралы Департамент басшысы Думан Әбілев Өңірлік коммуникациялар қызметі алаңында өткен...

Онлайн режимде мемлекеттік қызметке іріктеу бойынша 1683 конкурс өтті

ҚР Мемлекеттік қызмет істері агенттігінің Ақмола облысы бойынша департаментінің басшысы Думан Әбілев Өңірлік коммуникациялар қызметінің алаңында өткен брифинг барысында eqyzmet.gov.kz жүйесінде мемлекеттік қызметке іріктеу...

Ақмола облысында 528 мемлекеттік қызметшінің құқығы қорғалды

Бұл туралы бүгін Өңірлік коммуникациялар қызметі алаңында өткен брифинг барысында ҚР Мемлекеттік қызмет істері агенттігінің Ақмола облысы бойынша департаментінің басшысы Думан Әбілев мәлімдеді. Спикердің айтуынша...