Сенбі, Шілде 27, 2024
15.2 C
Kokshetau
14 C
Nur-Sultan
24 C
Almaty
ЖаңалықтарҚоғамБілім көкжиегіАқмола облысында «Саналы ұрпақ» ерікті студенттік клубтардың слеті өтті

Ақмола облысында «Саналы ұрпақ» ерікті студенттік клубтардың слеті өтті

Жастар арасында сыбайлас жемқорлыққа қарсы мәдениетті қалыптастыру аясында Көкшетау қаласының Құрылыс-технологиялық колледжінің қабырғасында «Саналы ұрпақ» ерікті студенттік клубтардың слеті өтті.

Іс-шараға Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл аумақтық департаментінің басшысы Арман Рахимов қатысып, студенттік ортада адамгершілік құндылықтарды ілгерілетудің маңыздылығын атап өтті.

«Академиялық адалдық пен сыбайлас жемқорлыққа қарсы ойлауды тәрбиелеуге өскелең ұрпақ ерекше көңіл бөледі. Осы тұрғыда жыл сайын слеттер ұйымдастырылады, онда өңірдегі оқушылар мен студенттер қатарындағы белсенді жастар өз жетістіктерін көрсетіп, тәжірибе және ақпарат алмасады. Бүгінгі іс – шараға қатысушылар өздері үшін көптеген жаңа және пайдалы дүниелерді игере отырып, алдағы уақытта парасатты қоғамды қалыптастыруға өз үлестерін қоса беретініне сенімдімін», – деді Арман Рахимов.

Конкурстың 3 кезеңінен өту үшін командалар клубтардың визит карточкаларын ұсынды, сыбайлас жемқорлыққа қарсы заңнама бойынша зияткерлік викторинаға қатысты, сондай-ақ парасаттылықты қалыптастыру бойынша жобаларды Pecha-Kucha форматында ұсынды.

Слет қорытындысы бойынша жеңімпаздар жарияланды, сондай-ақ, барлық қатысушыларға алғыс хаттар табысталды.

Айта кетейік, өңірде барлығы 32 «Саналы ұрпақ» студенттік клубы және 551 «Адал ұрпақ» мектеп клубы жұмыс істейді, олардың мақсаты жас ұрпақты рухани-адамгершілік және азаматтық-патриоттық тәрбиелеу арқылы сыбайлас жемқорлыққа қарсы мәдениетті ілгерілету болып табылады.

 

- Жарнама -Newspaper WordPress Theme

Соңғы жаңалықтар

Бурабайда мас күйінде көлігін айдаған Қостанайдың Бас имамы ұсталды

Қостанайдың Бас имамы Бурабайда мас күйінде көлігін айдаған сәтінде ұсталды. Полиция мас имамның үстінен әкімшілік хаттама толтырып, 15 тәулікке қамады. Имам Бурабайдың көрікті жерлерінде...

Бурабайда Қазақстанда баламасы жоқ мультимедиалық интерактивті кешен ашылды

Бурабай курортындағы Абылай хан алаңында қайта жаңартудан кейін мультимедиалық интерактивті кешеннің (МИК) салтанатты ашылуы өтті. Қайта жаңарту мақсаттарының бірі - Мемлекет басшысының туризмді дамыту жөніндегі...

Жас маман – еліміздің шамшырағы!

Қоғамда өз ісіне берік, ақыл парасаты мол жас мамандар баршылық. Ел Президентіміз «Болашақ жастардың қолында» деп үнемі айтып, бүгінде жастарға барынша мемлекет тарапынан қолдау...

Жарқайың ауданының әкіміне қатаң сөгіс жарияланды

Жарқайың ауданының әкімі Жанболат Хамитовке Ақмола облысының әкімі Марат Ахметжановтың су тасқынының салдарын жою жөніндегі бірқатар тапсырмаларын тиісінше орындамағаны үшін қатаң сөгіс жарияланды. Жарқайың ауданының...

Қала көшелерінде егеуқұйрық және антисанитария: Ерейментау ауданының әкімі қатаң сөгіс алды

«Ерейментау ауданының әкімі Нұрлан Мұқатовқа қоқыс шығару бойынша жұмыстың тиісті деңгейінде жүргізілмегені үшін қатаң сөгіс жарияланды», - деп хабарлайды Ақмола облысы әкімдігінің баспасөз қызметінен. Аудан...