Среда, 30 апреля, 2025
ЖаңалықтарҚоғамАқмола облысында сапасыз жолдар үшін 4 шенеунік жауапқа тартылды

Ақмола облысында сапасыз жолдар үшін 4 шенеунік жауапқа тартылды

Сондай-ақ, оқыңыз...

Ақмола полицейлері жергілікті атқарушы органдар мен жол ұйымдарының лауазымды тұлғаларын нұсқамаларды орындамағаны үшін жауапкершілікке тартты.

Ақмола облысының Полиция департаменті тікелей және ықпал ететін жағдайлар бойынша жол-көлік оқиғаларына жол бермеу мақсатында облыстың елді мекендерінің жолдары мен көше-жол желісіне тұрақты негізде тексеру жүргізеді.

Ағымдағы жылдың басынан бастап 2053 тексеру жүргізілді. Жергілікті атқарушы органдар мен мүдделі ұйымдардың атына жол қозғалысын ұйымдастыруды жетілдіру және қауіпсіздігін қамтамасыз ету жөнінде 257 хат жолданды.

Жолдар мен жол құрылыстарын тиісті деңгейде күтіп-ұстамағаны үшін 168 лауазымды тұлға, оның ішінде ЖАО-ның 49 басшысы, ҚазАвтоЖол компаниясының 45 басшысы мен лауазымды тұлғасы және басқа жол ұйымдарының 74 лауазымды тұлғасы әкімшілік жауапкершілікке тартылды.

Әкімшілік полиция органдары берген жол белгілерін орнату және көлік жүретін жолдардағы шұңқырларды жою жөніндегі нұсқамаларды орындамағаны үшін ҚР ӘҚБтК-нің 462-бабы «… нұсқамаларды және өзге де талаптарды орындамау» бойынша 4 лауазымды тұлға, оның ішінде Егіндікөл ауылының әкімі, Қазақавтожол Ақмола облыстық филиалының директорының орынбасары, Көкшетау қаласы мен Щучинск қаласының ТКШ басшылары әкімшілік жауапкершілікке тартылды.

Осы бағыттағы жұмыстар жалғасуда және бақылауда тұр.

spot_img
- Жарнама -Newspaper WordPress Theme

Соңғы жаңалықтар

Трамп АҚШ-ты жарылқай ма, әлде жарға жыға ма?

Дональд Трамптың АҚШ президенті қызметіне кіріскеніне бірнеше айдың ғана жүзі болса да, ол алпауыт елдің болашағына көлеңкесін түсірер біраз шаруаларды жасап тастады.  АҚШ президенті...

Жолшылар Көкшетау қаласының колледж студенттерімен кездесті

Жолшылар Көкшетау қаласының мектептерінің түлектерімен кездесті. «Жол активтері сапасының Ұлттық Орталығы» РМК Ақмола облысы бойынша филиалы ұжымы арнайы мектепке барып, кәсіби-бағдар беру жұмыстарын жалғастырып...

Ақмола облысында 315 қызмет алушының құқықтары қалпына келтірілді

Бүгін Өңірлік коммуникациялар қызметі алаңында ҚР Мемлекеттік қызмет істері агенттігінің Ақмола облысы бойынша департаментінің басшысы Думан Әбілевтің қатысуымен Департаменттің 2025 жылдың І тоқсаны ішіндегі...

Биыл Ақмола облысында 9 мемлекеттік орган мемлекеттік қызметке іріктеудің пилоттық жүйесіне кіреді

Бұл туралы бүгін Өңірлік коммуникациялар қызметі алаңында өткен брифинг барысында ҚР Мемлекеттік қызмет істері агенттігінің Ақмола облысы бойынша департаментінің басшысы Думан Әбілев мәлімдеді. Спикер атап...

Жоғары оқу орындарының 25 түлегі мемлекеттік қызметке конкурссыз қабылданды

Мемлекеттік қызмет саласындағы қолданыстағы заңнамамен мемлекеттік аппаратты кәсібилендіру мақсатында «Б» корпусының кейбір мемлекеттік әкімшілік лауазымдарына конкурстан тыс тағайындау мүмкіндігі көзделген. Бүгін БАҚ өкілдеріне арналған брифинг...