spot_img
- Жарнама -spot_img
35.2 C
Kokshetau
ЖаңалықтарОқиғаАқмола облысында шомылу маусымының қорытындысы шығарылды

Ақмола облысында шомылу маусымының қорытындысы шығарылды

-Жарнама -spot_img

Облыстық ТЖД бастығының міндетін атқарушы Қанат Доспаевтың  айтуынша, суға шомылу маусымы басталғаннан бері жүргізілген алдын алу жұмыстарына қарамастан құтқарушылар 80 адамның өміріне араша түскен, оның ішінде 11 бала. Сонымен бірге, 32 адам ажал құшса, оның  7-і кәмелетке толмағандар.

«Жыл сайын шомылу маусымы басталғанға дейін рұқсат етілмеген жерлерде тыйым салынған белгілер орнатылады, бірақ қала тұрғындары оны елемей, өз өмірлеріне қауіп төндіреді. Суда адамдардың қаза болуымен тіркелген оқиғалардың негізгі саны демалыс және мереке күндеріне келеді, онда 20 адам қаза болды, жалпы санының 62 пайызын құрайды», – дейді Қанат Доспаев.

Департамент басшысының орынбасары атап өткендей, шомылу маусымы аяқталғанына қарамастан, департамент су айдындарында адам өлімінің алдын алу бойынша профилактикалық жұмысты жалғастыратын болады. Сонымен бірге, күзгі кезеңнің басталуымен аң аулау және балық аулау маусымы басталады. Осыған байланысты су қоймаларында балық және аң аулау кезіндегі қауіпсіздік жөніндегі негізгі ережелерді жеткізгім келеді. – Судың шетіне жақындағанда абай болу керек. Жағалаудан күтпеген жерден құлап кетуі мүмкін.

- Жарнама -spot_img
- Жарнама -spot_img
Байланысты бол
16,985ФанаттарМаған ұнайды
2,458ОқырмандарОқу
61,453ЖазылушыларЖазылу
Сондай-ақ...оқыңыз
- Жарнама -spot_img
Соңғы жаңалықтар
- Жарнама -spot_img