Жыл сайын Ақмола облысының аумағында су тасқыны шиеленісті режимде өтеді.
24 наурыздан бастап ауа температурасының күрт көтерілуімен су тасқынының бірінші толқынының белсенді фазасы басталды.
Ағымдағы жылдың 23 наурызынан бастап болжамды деректерді ескере отырып, азаматтық қорғаудың мемлекеттік жүйесінің облыстық кіші жүйесі «Жоғары дайындық» режиміне ауыстырылды, облыстық су тасқынына қарсы жедел Штаб жұмыс жасауда, сондай-ақ «жедел желі» жұмысы ұйымдастырылды. Азаматтық қорғау органдары мен құралымдарының күштері мен құралдары толық дайындықта келтірілген.
Ағымдағы жылдың 28 наурызынан бастап Сандықтау және Атбасар аудандарының аумағында су тасқынына қарсы іс-шараларды өткізу үшін ТЖ департаментімен қосымша күштер мен құралдарды топтастыру жіберілді. Тұрғын үйлерді су басуды жол бермеу үшін елді мекендерден қар шығару, су өткізу құрылыстарын, каналдар мен арықтарды тазарту бойынша су тасқынына қарсы алдын алу шаралары жалғасуда.
Қазіргі уақытта Көкшетау қ., Целиноград, Қорғалжын, Астрахан, Атбасар және Шортанды аудандарындағы елді мекендер ішінде еріген суды сору жұмыстары жүргізілуде. Барлығы 70 мың м3 еріген су сорылды.
Тұрғын үйлерді су басуға жол бермеу үшін елді мекендерден қар шығару, су өткізу құрылыстарын, каналдар мен арықтарды тазарту бойынша су тасқынына қарсы алдын алу шаралары жалғасуда.
Жалпы, тасқын суларды қауіпсіз өткізу мәселесі Ақмола облысының әкімі Ермек Маржықпаев пен өңір ТЖД бастығы Нұрлан Атығаевтың ерекше бақылауында.