Ақмола облысында Pro bono сыбайлас жемқорлыққа қарсы волонтерлері Antikor оrtalyǵy алаңында азаматтарды қабылдап, оларға кеңес берді.
Адвокаттар, заң кеңесшілері, нотариустар, жеке сот орындаушылары, сондай-ақ Санитариялық-эпидемиологиялық бақылау департаменті атынан Антикор волонтерлеріне өңір тұрғындары құқықтық мәселелерімен жүгінді.
Келіп түскен сұрақтар білім беру саласына, қаржылық қатынастарға, азаматтық және еңбек құқығына, сот практикасына, сондай-ақ санитариялық-эпидемиологиялық талаптарға қатысты болды.
Айта кетейік, ағымдағы жылдың тамыз айынан бастап Агенттік «Сыбайлас жемқорлыққа қарсы волонтерлік» жобасын іске асыруда. Оның бағыттарының бірі — халыққа тегін заңгерлік көмек көрсетуді көздейтін Pro bono волонтерлік. Азаматтарды қабылдау мен оларға кеңес беруді ай сайын өткізу жоспарлануда.