Криминогендік жағдайды жақсарту, отбасы-тұрмыстық қатынастар саласындағы құқық бұзушылықтарға жол бермеу мақсатында ағымдағы жылдың 26 ақпаны мен 1 наурызы аралығында Ақмола облысының аумағында «Тұрмыс» республикалық жедел-алдын алу іс-шарасы өткізіледі.
Іс-шараның негізгі міндеттері ІІО-да профилактикалық есепте тұрған адамдарды тұрғылықты жері бойынша тексеру, отбасылық-тұрмыстық қатынастар саласында құқық бұзушылыққа жол беретін, алкогольді ішімдіктерді асыра пайдаланатын адамдарды анықтау және есепке қою, сондай-ақ олардың тарапынан тұрмыс саласында қылмыстарға жол бермеу болып табылады.
Аталған іс-шараны өткізуге мүдделі мемлекеттік органдардың, үкіметтік емес ұйымдардың және жұртшылықтың қатысуы көзделген.