Воскресенье, 24 ноября, 2024
ЖаңалықтарҚоғамБілім көкжиегіАқмола облысында «Тарих ізімен» көрме-байқауының жеңімпаздары анықталды

Ақмола облысында «Тарих ізімен» көрме-байқауының жеңімпаздары анықталды

Сондай-ақ, оқыңыз...

Ұлттық мәдениеттің негізі болып табылатын этнопедагогикалық білім беру мен ұлттық тәрбие берудің басты құралдарының бірі – ұлттық өнер екендігі белгілі. Ұлттық өнер – ата-бабаларымыздан келе жатқан, ұлттық санамызда, рухымызда, болмысымызда өзіндік қолтаңба ретінде қалыптасқан өнер түрі.

2021 жылғы 18 наурызында Ақмола облысы білім басқармасының Ақмола облысы білім басқармасының «Ақмола дарыны» дарынды балалар мен талантты жастарды анықтау және қолдау жөніндегі орталығы «Ұлы даланың жеті қыры» мақаласын жүзеге асыру аясында «Тарих ізімен» облыстық көрме-байқауын өткізді.

Көрме-байқаудың мақсаты: жас ұрпақты сәндік-қолданбалы шығармашылыққа баулу арқылы қазақ халқының ұлттық қолөнер дәстүрлерін қайта жаңғырту және заман талабына сай түрлендіріп дамыту, жас ұрпақтың бойына жалпыұлттық және мәдени құндылықтарды терең сіңіру.

Байқауға облыстың 11 ауданы (Атбасар, Астрахан, Бурабай, Зеренді, Есіл, Жарқайың, Жақсы, Қорғалжын, Шортанды, Сандықтау, Целиноград) мен 1 қаласынан (Көкшетау) жалпы саны 57 жас өнерпаз қатысты. Қатысушылардың жұмыстары көрмеге қойылды, ал жұмыстарды қорғау ZOOM платформасы арқылы жүзеге асырылды.

Атап айтқанда, «Құрақ көрпе: тоқыма бұйымдарды көркемдеп өңдеу» номинациясы бойынша 29 жұмыс, «Шебер қолдар»: ағашты, сүйекті, теріні көркемдеп өңдеу» номинациясы бойынша 23 жұмыс, «Ұсталы ел озар»: металлды көркемдеп өңдеу» номинациясы бойынша 5 жұмыс келіп түсті.

Байқау жұмыстарын келесі құрамдағы білікті қазылар алқасы бағалау өлшемдеріне сай бағалады:

Захай Бибігүл – Ш.Уәлиханов атындағы Көкшетау университетінің «Бейнелеу өнері, сызу және дизайн» кафедрасының аға оқытушысы.

Әміржанова Анар Орымбайқызы – Ш.Уәлиханов атындағы Көкшетау университетінің «Бейнелеу өнері, сызу және дизайн» кафедрасының оқытушысы.

Бейсенбаева Гүлбану Асанқызы – Азаматтық қорғаныс жоғары көпсалалы колледжінің сызу және бейнелеу өнері мұғалімі.

«Мен бұл жұмысты 8 наурыз мерекесіне анама арнап жасайын деп ойлағанмын. Сосын осы сайысқа жібердім. Жұмыстың аты «Бәйшешек гүл». Бұл жұмысты жасауға 3-4күн кетті, бұл гүлді жасауға жұқа түрлі түсті металлдарды пайдаландым. Мен гүл жасауды бұрыннан да қолға алғанмын басқа да жасаған гүлдерім бар олар мектепте көрмеде тұр. Гүлді жасағанда жасанды гүлден үлгі алып қағазға түсіріп, жұқа металлға жабыстырып қиып, арнайы тап салғыштармен бедерлеп, қалыпқа келтіріп жасадым. Гүлдің күлшесі жұқа қаңылтырдан жасалса, сабағын сымнан жасаймын. Осылай гүлдерді өңдеп арнайы лактармен лактап дайын қыламын, жасаған кезде қауіпсіздік ережесін қатаң сақтаймын. Болашақта бұданда күрделі гүлдерді жасаймын» — дейді Абзалхан Худабай, Шортанды ауданындағы Новокубанка орта мектебінің 7-ші сынып оқушысы.

Жеңімпаздар Ақмола облысы білім басқармасының дипломдарымен, олардың жетекшілері алғыс хатпен марапатталады.

spot_img
- Жарнама -Newspaper WordPress Theme

Соңғы жаңалықтар

Ақмола облысы цифрландыру және архивтер басқармасының басшысы тағайындалды

Ақмола облысы әкімінің өкімімен Мағжан Қайратұлы Ержан Ақмола облысы цифрландыру және архивтер басқармасының басшысы болып тағайындалды. Мағжан Қайратұлы Еуразия технологиялық университетін, Қазақ Еңбек және әлеуметтік қатынастар...

Ақмолада Мемлекеттік бюджетті атқару кезінде жемқорлық тәуекелдері бойынша бухгалтерлерге арналған семинар өткізілді

Сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызметтің Ақмола облысы бойынша департаментімен бюджеттік бағдарламалардың әкімшілері, білім беру және спорт саласындағы ұйымдардың бухгалтерлері үшін мемлекеттік бюджетті атқару кезіндегі сыбайлас...

296 фермердің 618 млн. теңгеден астам сомаға субсидия алу құқығы қалпына келтірілді

ҚР Мемлекеттік қызмет істері агенттігінің Ақмола облысы бойынша департаменті қызмет берушінің кінәсінен «Саны зияндылықтың экономикалық шегінен жоғары зиянды және аса қауіпті зиянды организмдерге және...

Көкшетауда Тұрлыхожа Базаровтың 75 жылдығына арналған шығармашылық кеш өтті

1 қараша күні Үкілі Ыбырай атындағы Ақмола облыстық филармониясында «Құрмет» ордені мен «Ерен еңбегі үшін» медалінің иегері Тұрлыхожа Базаровтың 75 жылдығына арналған «Күмбірлеткен кеудемді...

Ақмола облысында қызметтік автокөлікті қызметтік емес мақсатта пайдаланудың 21 фактісі анықталды

ҚР Мемлекеттік қызмет істері агенттігінің Ақмола облысы бойынша департаментімен орталық мемлекеттік органдардың аумақтық бөлімшелері мен жергілікті атқарушы органдардың қызметтік автокөлікті жеке мақсатта пайдалануға тыйым...