Ағымдағы жылдың 5 желтоқсанында Ақмола облысы прокуратурасының ғимаратында Қазақстан Республикасы Бас прокуратурасының құқықтық статистика және арнайы есепке алу комитеті төрағасының орынбасары Р.Б.Әлкенев облыс активінің алдында Құқықтық статистика және арнайы есепке алу Комитетінің облыстық басқармасының жаңадан тағайындалған басшысы Ақыл Қуанышұлы Қарпықбаевты таныстырды.
Ол бұған дейін Астана қаласы бойынша Басқарма басшысының орынбасары қызметін атқарған.
Ақмола облысы прокуратурасының баспасөз қызметі.