Ақмола облысының өзендерінде мұз кептелістерін жою бойынша мұз жару жұмыстарының екінші кезеңі жүргізілуде. Ерейментау ауданының Еркеншілік ауылы маңындағы Қарасу өзенінде, Шортанды ауданының Пригородное және Октябрьское ауылдары маңындағы Колутон өзенінде үлкен мұз бөлшектері жарылды.
Жұмыстың жалпы ауданы 1100 шаршы метрді құрады, шамамен 200 кг жарылғыш зат жұмсалды. Жүргізілген жұмыстар өзен арналарының өткізу қабілетін арттыруға, еріген су мен мұз массаларының кедергісіз өтуін қамтамасыз етуге мүмкіндік береді.
Айта кетейік, облыс аумағында су тасқынының екінші кезеңінің алдын алу мақсатында ағымдағы жылдың 10-16 наурыз аралығында мұз жамылғысын әлсірету бойынша 10 ауданда (Атбасар, Целиноград, Аршалы, Сандықтау, Ерейментау, Астрахан, Есіл, Шортанды, Бұланды, Қорғалжын) жалпы ауданы 23,6 мың м2 ауданда жұмыстар жүргізілді.
Жалпы, облыс аумағындағы су тасқыны жағдайы облыстық және өңірлік су тасқынына қарсы штабтардың тәулік бойы бақылауында.