Четверг, 19 сентября, 2024
ЖаңалықтарОқиғаАқмола облысындағы жеке үйлердің бірінде газ-ауа қоспасының жарылысы орын алды

Ақмола облысындағы жеке үйлердің бірінде газ-ауа қоспасының жарылысы орын алды

Бүгін, ағымдағы жылдың 12 ақпанында сағат 10-15-те Ақкөл қаласының кезекші пультіне жеке тұрғын үйден өрт шыққаны туралы телефон хабарламасы келіп түсті.

Шақырту орнына 2 бірлік техника және жеке құрамнан 7 адам дереу жіберілді.
Оқиға орнына жеткенде газ-ауа қоспасының жарылысы нәтижесінде 3 адам жеңіл дәрежелі термиялық күйік алғаны анықталды.

Зардап шеккендерге медициналық көмек көрсетіліп, олардың бірі ауруханаға жатқызуды қажет етпегендіктен үйіне жіберілген.

Сондай-ақ жану нәтижесінде жалпы ауданы 7 шаршы метр қазандықтың құрылыс конструкциялары ішінара зақымдалғаны анықталды. Өрт 10 сағат 24 минутта оқшауланып, 10 сағат 29 минутта сөндірілді.

Алдын ала ақпарат бойынша газ-ауа қоспасы жарылысына газ баллонын жылыту пешінің жанында қою себеп болған. Ақмола облысының Төтенше жағдайлар департаменті облыс тұрғындары мен қонақтарын өрт қауіпсіздігі ережелерін сақтауды сұрайды.

spot_img
- Жарнама -Newspaper WordPress Theme

Соңғы жаңалықтар

Қашықтықтан бақылау нәтижесінде 363 қызмет алушының құқықтары сақталды

ҚР Мемлекеттік қызмет істері агенттігінің Ақмола облысы бойынша департаменті «Е-лицензиялау» жүйесінде қашықтықтан жүргізілген мониторинг қорытындысы бойынша 363 қызмет алушылардың құқықтарының сақталуын қамтамасыз етті. Осылайша, бұған...

Ақмола облысында 119 мемлекеттік қызметші үстеме жұмысқа тартылған

ҚР Мемлекеттік қызмет істері агенттігінің Ақмола облысы бойынша департаменті мемлекеттік органдар басшыларының орынбасарлары, аппарат басшылары және әдеп жөніндегі уәкілдер үшін семинар ұйымдастырып, онда 2024...

Ақмола облысында өңірлік кадр резерві жасақталды

Ақмола облысы кадр комиссиясының шешімімен өңірлік кадр резервіне 25 адам іріктелді. Бұл туралы бүгін өңірлік коммуникациялар қызметі алаңында өткен брифинг барысында ҚР Мемлекеттік қызмет...

«Өнерлі шаңырақ» облыстық байқауының жеңімпазы анықталды

Байқауға Ақмола облысының 13 өнерлі отбасылары қатысты. Гран-при иегерлері Қосшы қаласының Жайбусиновтар отбасы Нұрғиса Тілендиевтің “Ата толғау” күйін домбыра, бас домбыра, сырнай, сылдырмақ, шаңқобыз...

Степногорск қаласының прокуратурасы 40 млн теңгені жымқыру фактісін анықтады

Қала прокуратурасы мемлекеттік мекеме бухгалтерінің қаражатты ұрлау фактісін анықтады. Бухгалтер екі жыл бойы депозиттік шоттың ақшалай қаражатын мақсатсыз жұмсаған және мемлекеттік сатып алудың қатысушы болып...