Ағымдағы жылдың 12 қаңтарында Көкшетау қ. ПБ криминалдық полиция бөлімінің қызметкерлерімен Алматы қаласында іздестіру іс-шаралары барысында мемлекетаралық іздеуде жүрген қылмыскер ұсталды.
2016 жылы іздеуде жүрген адам ҚР ҚК 106-бабының 3-бөлігі бойынша маскүнемдіктен мәжбүрлеп емдеуді белгілеумен сотталған болатын, 2021 жылы шартты түрде мерзімінен бұрын босатылғаннан кейін ер адам ішкі істер органдарынан жасырынып жүрген.
Тәртіп сақшылары қабылдаған жедел іс-қимылдар Ақмола облысының тұрғынын іздеуге жариялаған адамды анықтауға және ұстауға мүмкіндік берді.
Қазіргі уақытта қылмыстық құқық бұзушы қамауға алынды. Полиция қызметкерлері одан әрі жедел — тергеу іс-қимылдарын жүргізуде.