Среда, 27 ноября, 2024
ЖаңалықтарҚоғамБілім көкжиегіАқмола облысында үздік психолог кабинеті анықталды

Ақмола облысында үздік психолог кабинеті анықталды

Сондай-ақ, оқыңыз...

Ақмола облысында «Үздік психолог кабинеті» байқауы онлайн режимінде өтті, оған 28 білім беру ұйымы қатысты.

Іс-шара оқу-тәрбие процесінің тиімділігін арттыруда психолог кабинетінің рөлін күшейтуге бағытталған.

Ұйымдастырушылар айтқандай, практикалық психолог кабинеті — білім беру процесіне қатысушыларға психологиялық көмек пен қолдау көрсетудің бірыңғай жүйесінің бір буыны. Оның міндеті уақытылы білікті консультативтік-әдістемелік, психологиялық және психокоррекциялық көмек көрсету болып табылады.

2022 жылғы 16 ақпан күні Bolashaq saraiy-де «Ең үздік психолог кабинеті» облыстық сырттай конкурсының сараптама комиссиясының отырысы өтті, онда үш санат бойынша жеңімпаздар анықталды.

Мектепке дейінгі білім санатында:
I орын — Жақсы ауданы Запорожье ауылының «Айгөлек» бөбекжайы;
II орын — Ақкөл ауданы Ақкөл қаласының №3 бөбекжай-балабақшасы;
III орын — Жарқайың ауданы Пригородное ауылының «Балапан» бөбекжайы.

Жалпы орта білім беру санатында:
I орын — Бурабай ауданы Щучинск қаласының № 2 жалпы орта білім беретін мектебі;
II орын – Жақсы ауданы Қийма ауылының Қ. Өскенбаев атындағы жалпы орта білім беретін мектебі;
III орын — Көкшетау қаласының № 19 жалпы орта білім беретін мектебі.

ТжКОБ ұйымдары санатында:
I орын — Көкшетау қаласындағы, Жоғары техникалық колледжі;
II орын – Көкшетау қаласындағы, Ақан сері атындағы жоғары мәдениет колледжі;
III орын — Зеренді ауданы, Шағалалы ауылы, жоғары агротехникалық колледжі.

spot_img
- Жарнама -Newspaper WordPress Theme

Соңғы жаңалықтар

Алмас Алин Қорғалжын ауданының әкімі болып тағайындалды

Ақмола облысы әкімінің 2024 жылғы 25 қарашадағы өкімімен, сондай-ақ, ҚР Президенті Әкімшілігінің және мәслихат депутаттарының келісімімен Алмас Аянұлы Алин Қорғалжын ауданының әкімі болып тағайындалды. Ауданның...

Ақмола облысы цифрландыру және архивтер басқармасының басшысы тағайындалды

Ақмола облысы әкімінің өкімімен Мағжан Қайратұлы Ержан Ақмола облысы цифрландыру және архивтер басқармасының басшысы болып тағайындалды. Мағжан Қайратұлы Еуразия технологиялық университетін, Қазақ Еңбек және әлеуметтік қатынастар...

Ақмолада Мемлекеттік бюджетті атқару кезінде жемқорлық тәуекелдері бойынша бухгалтерлерге арналған семинар өткізілді

Сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызметтің Ақмола облысы бойынша департаментімен бюджеттік бағдарламалардың әкімшілері, білім беру және спорт саласындағы ұйымдардың бухгалтерлері үшін мемлекеттік бюджетті атқару кезіндегі сыбайлас...

296 фермердің 618 млн. теңгеден астам сомаға субсидия алу құқығы қалпына келтірілді

ҚР Мемлекеттік қызмет істері агенттігінің Ақмола облысы бойынша департаменті қызмет берушінің кінәсінен «Саны зияндылықтың экономикалық шегінен жоғары зиянды және аса қауіпті зиянды организмдерге және...

Көкшетауда Тұрлыхожа Базаровтың 75 жылдығына арналған шығармашылық кеш өтті

1 қараша күні Үкілі Ыбырай атындағы Ақмола облыстық филармониясында «Құрмет» ордені мен «Ерен еңбегі үшін» медалінің иегері Тұрлыхожа Базаровтың 75 жылдығына арналған «Күмбірлеткен кеудемді...