Ағымдағы жылдың 6 маусымында Көкшетау қаласының полиция басқармасына облыс орталығындағы ЖШС бірінің директорынан өтініш келіп түсті. Өтініш беруші кәсіпорын қызметкері, зергерлік дүкен сатушысы Көкшетау қаласының 30 жастағы тұрғыны алтын бұйымдарды ысырап еткенін хабарлады. Шығын сомасы 4 млн. 243 мың теңгені құрады.
Аталған факті бойынша полиция басқармасының тергеу бөлімі ҚР ҚК 189-бабының 3-бөлігі «сеніп тапсырылған бөтеннің мүлкін талан-таражға салу» бойынша сотқа дейінгі тергеуді бастады.
Алдын ала тергеу барысында күдікті, зергерлік бутиктің сатушысы алтын бұйымдарды облыс орталығының ломбардтарына сатқаны анықталды.