Понедельник, 25 ноября, 2024
ЖаңалықтарОқиғаҚылмысАқмола облысында жарты жылда 20 есірткі салушысы ұсталды, оның алтауы студент

Ақмола облысында жарты жылда 20 есірткі салушысы ұсталды, оның алтауы студент

Сондай-ақ, оқыңыз...

«Есірткі бизнесімен айналысатын жастар көбінесе есірткіні көрші аймақтарға апарып, сататыны белгілі. Мәселен, алты ай ішінде «Қарасора – 2022» жедел-алдын алу шарасы кезінде ұсталған үш адам Ақмола облысымен шекаралас өңірлердегі оқушылары», – деді облыстық ПД есірткі қылмысына қарсы іс-қимыл басқармасының бастығы полиция подполковнигі Виталий Гудыменко. 

«Қарасора – 2022» жедел-алдын алу шарасы 1 маусымнан 31 қазанға дейін қарасора пісетін кезеңде жүргізілді. Ақмола облысы ПД есірткі қылмысына қарсы іс-қимыл басқармасының қызметкерлері есепке алу контингентін тексеруді, жедел ақпаратты пысықтауды, интернет-кеңістікке мониторингті жүзеге асырды.

«Қарасора – 2022» республикалық жедел – алдын алу іс-шарасының қорытындысы 7 қарашада полиция департаментінде өткен кеңесте шығарылды. Осы бес ай ішінде заңсыз айналымнан 30 келіден астам түрлі есірткі түрлері, оның ішінде 17 келіден астам марихуана, 11 келіден астам каннабис өсімдіктері, 700 грамм синтетикалық есірткі заттары мен 696 грамм гашиш тәркіленді.

Бұдан басқа, есірткімен байланысты  131 қылмыстық құқық бұзушылық тіркелді, оның ішінде 48-і есірткімен байланысты қылмыстар, 35-і сатумен байланысты, 8-і аса ірі мөлшерде есірткі сақтау, 5-і есірткі өсіру.

Облыс орталығының аумағында Павлодар облысының тұрғындары ұйымдастырған фито-есірткі лабораториясы анықталып, көзі жойылды.

spot_img
- Жарнама -Newspaper WordPress Theme

Соңғы жаңалықтар

Ақмола облысы цифрландыру және архивтер басқармасының басшысы тағайындалды

Ақмола облысы әкімінің өкімімен Мағжан Қайратұлы Ержан Ақмола облысы цифрландыру және архивтер басқармасының басшысы болып тағайындалды. Мағжан Қайратұлы Еуразия технологиялық университетін, Қазақ Еңбек және әлеуметтік қатынастар...

Ақмолада Мемлекеттік бюджетті атқару кезінде жемқорлық тәуекелдері бойынша бухгалтерлерге арналған семинар өткізілді

Сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызметтің Ақмола облысы бойынша департаментімен бюджеттік бағдарламалардың әкімшілері, білім беру және спорт саласындағы ұйымдардың бухгалтерлері үшін мемлекеттік бюджетті атқару кезіндегі сыбайлас...

296 фермердің 618 млн. теңгеден астам сомаға субсидия алу құқығы қалпына келтірілді

ҚР Мемлекеттік қызмет істері агенттігінің Ақмола облысы бойынша департаменті қызмет берушінің кінәсінен «Саны зияндылықтың экономикалық шегінен жоғары зиянды және аса қауіпті зиянды организмдерге және...

Көкшетауда Тұрлыхожа Базаровтың 75 жылдығына арналған шығармашылық кеш өтті

1 қараша күні Үкілі Ыбырай атындағы Ақмола облыстық филармониясында «Құрмет» ордені мен «Ерен еңбегі үшін» медалінің иегері Тұрлыхожа Базаровтың 75 жылдығына арналған «Күмбірлеткен кеудемді...

Ақмола облысында қызметтік автокөлікті қызметтік емес мақсатта пайдаланудың 21 фактісі анықталды

ҚР Мемлекеттік қызмет істері агенттігінің Ақмола облысы бойынша департаментімен орталық мемлекеттік органдардың аумақтық бөлімшелері мен жергілікті атқарушы органдардың қызметтік автокөлікті жеке мақсатта пайдалануға тыйым...