Сенбі, Шілде 27, 2024
15.2 C
Kokshetau
14 C
Nur-Sultan
24 C
Almaty
ЖаңалықтарҚоғамМемлекеттік қызметАқмола облысында жыл басынан бері 7 млн астам мемлекеттік қызмет көрсетілді

Ақмола облысында жыл басынан бері 7 млн астам мемлекеттік қызмет көрсетілді

ҚР Мемлекеттік қызмет істері агенттігінің Ақмола облысы бойынша департаменті облыстағы мемлекеттік қызметтерді көрсету сапасына жүргізілген бақылаудың қорытындысын жасады.

Ұсынылған мәліметтерге сәйкес жыл басынан бері мемлекеттік органдармен 7 млн 124 008 мың мемлекеттік қызмет көрсетілді (олардың ішінде 6 млн 039 497 мың немесе 84,8% жергілікті атқарушы органдармен және 1 млн 084 511 мың немесе 15,2% орталық мемлекеттік органдардың аумақтық бөлімшелерімен көрсетілді). Өткен жылғы осындай уақыт кезеңі аралығында 6 млн 206 204 мың мемлекеттік қызметтің көрсетілгенін атап өткен жөн. Осылай өсу деңгейі 917 804 мың қызметті құрап отыр.

Егер қызметтерді көрсетудің тәсілдеріне келетін болсақ: қызмет көрсетушілермен – 66 540 мың, мемлекеттік корпорация арқылы – 307 145 мың қызмет көрсетілді.

Электронды нысанда көрсетілген қызметтердің үлесі 94,8% құрады (өткен жылғы осындай уақыт кезеңі аралығында 5 млн 840 717 мың немесе 94,1% қызмет эл. нысанда көрсетілді).

Бүгінгі таңда халыққа мемлекеттік қызметтерді көрсетумен айналысатын мемлекеттік органдар мен мекемелер қызметтердің қолжетімділігі мен жоғары сапасын қамтамасыз ету бойынша шаралар қабылдануда.

Жазира Тоқтар,

ҚР Мемлекеттік қызмет істері агенттігінің Ақмола облысы бойынша департаментінің ресми өкілі.

- Жарнама -Newspaper WordPress Theme

Соңғы жаңалықтар

Бурабайда мас күйінде көлігін айдаған Қостанайдың Бас имамы ұсталды

Қостанайдың Бас имамы Бурабайда мас күйінде көлігін айдаған сәтінде ұсталды. Полиция мас имамның үстінен әкімшілік хаттама толтырып, 15 тәулікке қамады. Имам Бурабайдың көрікті жерлерінде...

Бурабайда Қазақстанда баламасы жоқ мультимедиалық интерактивті кешен ашылды

Бурабай курортындағы Абылай хан алаңында қайта жаңартудан кейін мультимедиалық интерактивті кешеннің (МИК) салтанатты ашылуы өтті. Қайта жаңарту мақсаттарының бірі - Мемлекет басшысының туризмді дамыту жөніндегі...

Жас маман – еліміздің шамшырағы!

Қоғамда өз ісіне берік, ақыл парасаты мол жас мамандар баршылық. Ел Президентіміз «Болашақ жастардың қолында» деп үнемі айтып, бүгінде жастарға барынша мемлекет тарапынан қолдау...

Жарқайың ауданының әкіміне қатаң сөгіс жарияланды

Жарқайың ауданының әкімі Жанболат Хамитовке Ақмола облысының әкімі Марат Ахметжановтың су тасқынының салдарын жою жөніндегі бірқатар тапсырмаларын тиісінше орындамағаны үшін қатаң сөгіс жарияланды. Жарқайың ауданының...

Қала көшелерінде егеуқұйрық және антисанитария: Ерейментау ауданының әкімі қатаң сөгіс алды

«Ерейментау ауданының әкімі Нұрлан Мұқатовқа қоқыс шығару бойынша жұмыстың тиісті деңгейінде жүргізілмегені үшін қатаң сөгіс жарияланды», - деп хабарлайды Ақмола облысы әкімдігінің баспасөз қызметінен. Аудан...