Вторник, 1 апреля, 2025
ЖаңалықтарLIVEАқмола облысында жылқылар арам өліп жатыр

Ақмола облысында жылқылар арам өліп жатыр

Сондай-ақ, оқыңыз...

Ақмола облысында жылқылар арам өліп жатыр. Әлі де көтерем болған көп жылқы көктемге жетпеуі мүмкін. Себебі, түлік төресі тебіндейтін жайылымы көк мұз басқан. Оған қоса, биыл қар да қалың түсті. Жығылғанға жұдырық демекші, өңірде мал азығы да қымбаттап кеткен. Оны жеткізе алмай қиналған ауыл халқы Үкіметтен көмек болмаса, жылқылар қыстан аман шыға алмайды,- деп хабарлайды qazaqstan.tv.

Алпысты алқымдаған Амантай Байдалин жайылымда азық іздеп, тілерсегі қиылған жылқыларын қораға қамап қойыпты. Қазір қолда бар шөпті үнемдеп беріп отыр. Басқа амал жоқ. Қалың қар мен көк мұзда тебіндей алмаған жануарлар әбден әлсіреген. Мал қолға келген күннің ертесіне жабағысы құлап, арам өліпті.

Амантай Байдалин, Қонысбай ауылының тұрғыны:

Бір күн тұрды. Таңертең тұрсам, құлап қалыпты. Көтереміз. Бір күн тұрады да, тағы құлайды.Енді үшінші күні қарасам, өліп қалыпты. Қар қалың, асты мұз. Кеше жылқышылар айтып жатыр. Омыраудан келеді,- дейді.

Жылқышылардың да амалы таусылған көрінеді. Тебінде іліп-алар азық болмағандықтан, жануарларды ауылға айдап, иелеріне тапсырған.

Тайлақ Оспанов, жылқышы:

Мал жүдеп, құлап жатыр далада. Құлын тастап, мынау, жабағылар далада өліп жатыр. Шамалы, азын-аулақ жылқы қалды. Сол енді жағдайлары келмейтіндердікін далада бағып жүрміз әлі.

Онымен қоймай, өңірде мал азығы да қымбаттап кеткен. Күз айларында 12-13 мың тұрған шөптің бір орамы қазір 20 мың теңгеден саудаланып жатыр. Ашынған жұрт алмайын десе, амалы жоқ.

Ұмсындық Наурызбаева, тілші:

Қазір тай, жабағы да, ірі жылқылар да қорада тұр. Азық таба алмағандықтан әбден арықтап кеткен. Ауыл тұрғындары қымбат болса да, шем-шөп сатып алып, амалдап отыр. Оның сапасы да төмен,-дейді олар.

Ал кейбіреулері қорадағы малын арзанға сатып, соғымға өткізуге кіріскен. Себебі, жылқының азығы, бағасынан қымбат. Оның қыстан аман шығуы да неғайбыл. Жергілікті билік өкілдері де мәселеден хабардар.

Қасым Итқұсов, облыстық ауыл шаруашылығы және жер қатынастары басқармасы басшысының орынбасары:

Ақкөл, Астрахан, Атбасар сынды бірнеше аудандардың тұрғындарынан тебінде жүрген жылқылардың азық таба алмай, қолға келіп жатқандығы туралы хабарламалар келді. Жағдайды бақылап отырмыз. Зеренді ауданының әкімдігі кейбір ауылдарға сабан, дизель отының жеткізіп, беріп жатыр. Сондай-ақ, қазір біз ағаш баурайларында қатып қалған қарды жұқартып жатырмыз.

Қазіргі таңда нақты қанша бас жылқының арам өлгені белгісіз. Дегенмен, әлеуметтік желілерде көк мұзда тебіндей алмай, әлсіреп, әр жерде құлаған жануарлардың бейнежазбалары тарап кеткен.

Ұмсындық Наурызбаева.

spot_img
- Жарнама -Newspaper WordPress Theme

Соңғы жаңалықтар

Телеарна арқылы күндіз-түні сәләфизмді насихаттадық. Қазақ қоғамына қазіргі исламнан қатер бар ма?

Таяуда әлеуметтік желілерде Біріккен араб әмірлігінде Дубай қаласында  украиналық модель келіншектің басынан кешкен жайы туралы көп ақпараттар жарияланды. Ақшаға қарық боласың деген жарнамаға сеніп...

Мемлекеттік көрсетілетін қызметтердің қолжетімділігі – кәсіпкерлікке жағдай жасаудың құралы

2024 жылы Ақмола облысында 8 миллионға жуық мемлекеттік қызметтер көрсетілді.  Қызметтердің біраз түрі кәсіпкерлік жүргізу үшін ерекше маңызды сипақта ие, олар: құрылыс кезінде рұқсаттар...

Құны 5 миллиард теңгеден астам инвестициялық жобаны іске асыруға кәсіпкердің құқықтары қалпына келтірілді

ҚР Мемлекеттік қызмет істері агенттігінің Ақмола облысы бойынша департаменті Бурабай ауданының прокуратурасымен бірлесіп, құны 5 миллиард теңгеден асатын жобаны іске асыруға «Минеральные источники» жауапкершілігі...

Мемлекеттік әкімшілік қызметшілердің қызметін бағалаудың кейбір мәселелері талқыланды

ҚР Мемлекеттік қызмет істері агенттігінің Ақмола облысы бойынша департаменті жергілікті атқарушы органдардың персоналды басқару қызметтері өкілдерімен онлайн семинар өткізді. Семинар барысында мемлекеттік әкімшілік қызметшілердің қызметін...

ҚР МҚІА департаменті 1,5 миллиард теңгеге шаруа қожалығының құқығын қорғады

ҚР Мемлекеттік қызмет істері агенттігінің Ақмола облысы бойынша департаменті бұрын ауыл шаруашылығын жүргізу үшін ауданы 2000 гектар жер учаскесін жалға алу мерзімін ұзартудан бас...